«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.09.2024-13.09.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 14.09.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 18.09.2024

Сұхбат: 23.09.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-2 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 441254

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ  басшысы, «Е-2» санаты

Функционалдық міндеттері:

қаланың әкімшілік – аумақтық құрылысы, сайлауды әзірлеу мен өткізу, кадр саясаты, кадр резервін қалыптастыру, кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, мемлекеттік наградалар жөніндегі заңнаманы іске асыру, қала әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларын орындау сапасына бағалау жүргізу, ақпараттық технологияларды дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді. Қала әкімінің және әкімдігінің, Көкшетау қаласы әкімі аппаратының жұмыс жоспарларын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округ және кент әкімдерінің қала әкімінің, қала әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылауды жүзеге асырады. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің, облыс әкімдігінің, облыстық атқарушы органдардың актілері мен тапсырмаларының орындалуына және олардың орындалуы туралы қала әкімін хабардар етуге бақылауды ұйымдастырады. Қала әкімдігінің, қала әкімі аппаратының жергілікті өкілді және атқарушы органдармен өзара іс-қимылын жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қалалық және облыстық сайлау комиссияларымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Қала әкімі үшін қаланың өңірлік саясатының стратегиясы, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жетілдіру, қаланың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының сындарлы бірлескен жұмысы бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады. Ақпаратты жинау, өңдеу, қала әкімін қаладағы жағдай туралы, оның ішінде стратегиялық маңызы бар проблемалар бойынша уақытылы және толық хабардар ету, оны мемлекеттік басқару жүйесі, мемлекеттік бақылау және қаланың кадр саясаты мәселелері бойынша ақпараттық – талдамалық материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша статистикалық деректер жиынтығын қамтамасыз етеді. Компьютерлік және шеткері техниканың, электрондық байланыстың, локальдық желілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды пайдалануды кеңейту, қала әкімінің аппараты компьютерлік және шеткері техниканың профилактикалық және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады. Сайлаушылардың «Избиратель» ААҚ нысанындағы электрондық тізімдерін жинауды, қорытуды және талдауды қамтамасыз етеді. Қала әкімі аппаратының қызметін қаржылық – бухгалтерлік және материалдық – техникалық қамтамасыз ету, қала әкімі аппаратының банктік және өзге де қаржылық құжаттарына қол қою жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

«Красный Яр ауылдық округі әкімінің аппараты», «Станционный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінің, персоналды басқару қызметінің, ұйымдастыру – бақылау бөлімінің, мемлекеттік-құқық бөлімінің, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің, қаржы – шаруашылық қызмет бөлімінің, мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынуды талдау бөлімінің жұмысын үйлестіреді. Техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығаруды жүзеге асыру.

А блогы, 8 грейд.

Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3901525099

Дата публикации
06 сентября 2024