«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.09.2024-11.09.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 12.09.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 15.09.2024
Сұхбат: 19.09.2024
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ ардагерлермен және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеу бойынша секторының бас маманы (2024 жылғы 03.11. дейін жүктілік және босану бойынша негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне), «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік қызмет көрсету. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында материалдар дайындау және кеңес өткізу, қаланың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс жасау. Мүгедектігі бар адамдарды «Инватакси» автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету мәселелерінде бақылауды жүзеге асыру. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын мониторингілеу. Интерактивті Инва –gov картасын енгізу. Азаматтарды қабылдау, хаттар мен шағымдарға жауап дайындау.
А блогы, 4 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану немесе психология) немесе педагогикалық ғылымдар немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе денсаулық сақтау саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3900108449