«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.09.2024-11.09.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 12.09.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 15.09.2024
Сұхбат: 19.09.2024
Анықтама телефоны: 87162297819
E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Станционный кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «E-G-3» санаты
Функционалдық міндеттері:
кенттің әкімшілік – аумақтық құрылымы, сайлауды дайындау және өткізу, ақпараттық технологияларды дамыту мәселелеріне жетекшілік ету. Электрондық байланыстың, жергілікті желілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды пайдалануды кеңейту, әкім аппаратының компьютерлік және перифериялық техникасының профилактикалық және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Кент әкімі аппаратының қызметін құқықтық және заңдық қамтамасыз ету; талап қою және талап қою жұмыстарын жүргізу; бюджеттік бағдарламалар бойынша және жергілікті өзін-өзі басқару қаражатына өнім берушілерге орындалатын жұмыстар мен қызметтерді құқықтық қамтамасыз ету; өзін-өзі басқару хаттамаларын жүргізу; жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік бағдарламаларын орындауды заңдық сүйемелдеу; жергілікті өзін-өзі басқаруға берілген қалалық коммуналдық меншікті қабылдау және беру жөніндегі шарттарды дайындау; негізгі қызмет бойынша әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау. Мемлекеттік органның қызметін жедел және күнтізбелік жоспарлауды әзірлеу. Құқықтық тәртіп пен тәртіпті, нотариаттық іс-әрекеттерді қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру; құжаттау мен іс жүргізуді ұйымдастыру және бақылау; кент әкімінің азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру, тапсырмалардың орындалуын бақылау; идеологиялық жұмысты қамтамасыз ету. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыс жүргізу. Барлық процестер мен дауларда кент әкімі аппаратының мүдделерін білдіру. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру және оларға кеңес беру. Құқықтық тәртіпті бұзушыларға әкімшілік хаттамалар мен қаулылар салу. Мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін құжаттаманы (конкурстық құжаттаманы) әзірлеуге қатысу және Мемлекеттік сатып алуға (конкурстарға) қатысу.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс ссалалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3900100231