«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 Конкурс туралы ақпарат

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.09.2024-11.09.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 12.09.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 15.09.2024

Сұхбат: 18.09.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

«Е-R-3» санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ  бухгалтерлік есеп, бюджеттің атқарылуын есепке алу және есеп беру секторының меңгерушісі, «Е-R-3» санаты

Функционалдық міндеттері:

бюджеттік есепке алуды жүргізу. Бекітілген өкілеттіктер шегінде сектордың жұмысын ұйымдастыру. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы айлық және жылдық есептерді қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жиынтық есепті қалыптастыру, Қаржы басқармасына және басқа да мемлекеттік органдарға ұсыну.  Тиісті қаржы жылына бюджеттік өтінімді және оған есеп айырысуды жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру.  Бюджеттік бағдарламалардың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен тоқсандық, жартыжылдық, жылдық бюджеттік есептілікті қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен жартыжылдық, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті қабылдау, жинақтау, басқармаға қаржы ұсыну. Тоқсан сайын салық және статистикалық есептілікті жасау және тапсыру.  Дебиторлық және кредиторлық берешектің жай-күйі туралы бюджеттің атқарылуы туралы баяндамалардың жобаларына материалдар дайындау. Бөлімнің мазмұны бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Бөлімнің құзыреті шегінде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, өзгерістер енгізу және олардың іске асырылуын талдау.  Бөлім бойынша бюджеттік мониторинг жүргізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп жасау. Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру және кадрлық іс жүргізуді жүргізу. Тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру, шартты бұзушылармен жұмыс, кеме орындаушылармен тұрақты жұмыс. Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, Жоғары тұрған органдардың, бөлім басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау.

А блогы, 5 грейд.

Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика) саласында  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3900122209

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 сентября 2024