«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 Конкурс туралы ақпарат

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.09.2024-11.09.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 12.09.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 15.09.2024

Сұхбат: 18.09.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бас маманы, «Е-4» санаты

Функционалдық міндеттері:

әкімдіктің және қала әкімінің нормативтік және жеке актілерін, өкімдер мен басқа да құжаттар мен материалдарды дайындау. Қала әкімі аппаратында қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне (қажет болған жағдайда синхронды) құжаттарды аударуды жүзеге асыру. Әкім аппаратына келіп түскен хат-хабарларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асыру, келіп түскен хат-хабарлардың есебін жүргізу және шығыс құжаттардың орындалуын, дұрыс ресімделуін және оның жедел жіберілуін бақылау. Әкімнің шешімдерін, өкімдерін, әкімдік қаулыларын және басқа да құжаттарды сапалы дайындауды және ресімдеуді жүзеге асыру; қала әкімінің шешімдерін, өкімдерін, қаулыларын тіркеуді жүргізу. Азаматтардың келіп түскен ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын есепке алуды, тіркеуді, оларды басшылықтың қарауына беруді қамтамасыз ету; әкімнің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру; азаматтарды ауызша қабылдауды жүзеге асыру, олардың жолданымдарын қарауды немесе өтініш білдіргендердің мәселелері бойынша түсіндіруді ұйымдастыру; азаматтардың жолданымдары мен шағымдарын әкім аппаратының бөлімдерімен, қалалық бөлімдермен, Красный Яр ауылдық округі және Станционный кенті әкімдерінің аппараттарымен уақытылы қарауды бақылауды жүзеге асыру,  азаматтарды қабылдау кезінде қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы берген тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Азаматтардың жолданымдары мен қабылдауы бойынша талдамалық мәліметтер дайындау.

В блогы, 3 грейд.

Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3900069349

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 сентября 2024