«Б» корпусының бос мемлекеттікәкімшіліклауазымдарғаорналасуғажалпы конкурс туралыхабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттікәкімшіліклауазымдарғаорналасуғажалпы конкурс туралыхабарландыру

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 Конкурс туралы ақпарат

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.08.2024 – 30.08.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 31.08.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.09.2024

Сұхбат: 09.09.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің бас маманы (2024 жылғы 26.11. дейін 3 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты негiзгi қызметкердiң демалыс кезеңiне, сондай-ақ осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы), Е-4

Функционалдық міндеттері:

Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өткеруіне, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерінің қызметіне байланысты кадр жұмыстарының кешенін орындау, кадр жұмысы бойынша есепке алу құжаттамасының толық және тиісті жай күйін жүргізу және қамтамасыз ету. Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру. Бос лауазымдарға орналасуға конкурстарды, тәлімгерлікті, тағылымдаманы, тиімділікті бағалауға, мемлекеттік қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметшілердің деректер банкін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу, мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі материалдарды дайындауды қамтамасыз ету, марапаттау жөніндегі талдамалық ақпарат дайындау. Қала әкімі аппараты қызметкерлерінің әскери есебін және броньдауды жүргізу.

В блогы, 3 грейд.

Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3891540629

 

 

Дата публикации
23 августа 2024