«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 Конкурс туралы ақпарат

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.08.2024 – 30.08.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 31.08.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.09.2024

Сұхбат: 09.09.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ тұрғын үй көмегі және құқықтық бақылау секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты

Функционалдық міндеттері:

 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша соттарда өкіл ретінде қатысу; барлық мекемелер мен ұйымдарда, оның ішінде сот және құқық қорғау органдарында мүгедектігі бар адамдар мен басқа да адамдар қатарынан мүгедектігі бар адамдар мен жалғызбасты қарт азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан адамдардың мүдделерін білдіру және құқықтарын қорғау. Құқық қорғау және өзге де органдарда, мекемелер мен ұйымдарда өкіл ретінде барлық сот инстанцияларына қатысу, ұйым қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; кадр жұмыстары кешенін орындау, кадр жұмысы бойынша есепке алу құжаттамасының толық және тиісті жай-күйін жүргізу және қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің, ведомстволық бағынысты мекемелердің штаттан тыс қызметкерлері мен қызметкерлерінің деректер банкін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу, еңбек қызметіне байланысты ұсыныстар енгізу.

В блогы, 3 грейд.

Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар)  немесе бизнес, басқару және құқық немесе ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3891788771

 

 

 

Дата публикации
23 августа 2024