«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.08.2024 – 30.08.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 31.08.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.09.2024
Сұхбат: 09.09.2024
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ мемлекеттік активтер секторының бас маманы (2026 жылғы 03.09. дейін 3 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты негiзгi қызметкердiң демалыс кезеңiне, сондай-ақ осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы), «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
іс-шараларды жүзеге асыру: мемлекеттік мүлікті бекіту, қайта бөлу және жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екінші деңгейіне беру. Қалалық коммуналдық мүліктің (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа) ұтымды пайдаланылуын және Мемлекеттік мүлік тізілімі арқылы қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың қызметі бойынша есептіліктің уақытылы тапсырылуын бақылау. Қаланың мемлекеттік ұйымдарының коммуналдық меншігінің мүлкін есептен шығаруды келісу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде қаланың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу. Бөлім қызметін құқықтық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу. Талап-арыз жұмысын жүзеге асыру, құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіру. Қаланың коммуналдық меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) коммуналдық мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау. Қаланың коммуналдық мүлкін мемлекеттік заңды тұлғаларға өтеусіз пайдалануға беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша іс жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарының мерзімдерін бақылау, есептілікті қалыптастыру және жасау. Өз құзыреті шегінде бөлімнің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың орталықтандырылған тапсырмаларын және бөлім басшысының тапсырмаларын белгіленген мерзімде және тиісті сапада орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3891818319