«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.08. -20.08.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.08.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 24.08.2024

Сұхбат: 28.08.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

«Красный Яр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «E-G-3» санаты

Функционалдық міндеттері:

кәсіпкерлікті дамытуға, жер пайларының иелеріне жерді ұтымды пайдалануға жәрдемдесу. Жер учаскелерін есепке алу. Деректер базасын жүргізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, шаруашылық бойынша есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы және ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асыру. Халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауды бақылауды жүзеге асыру. Елді мекен жерлерінде мал жаю орындарын анықтау, үй жануарларын ұстау қағидаларын әзірлеу. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалауды ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және хаттамалар жасау. Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарын әзірлеуге қатысу. Азаматтардың мәртебесін анықтау. Статистикалық есептерді дайындау. Ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

В блогы, 3 грейд.

Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

Дата публикации
13 августа 2024