«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31.07.2024 – 06.08.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 07.08.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 10.08.2024
Сұхбат: 14.08.2024
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ әлеуметтік көмек секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету. Әлеуметтік көмек бойынша азаматтарға, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша кеңес беру. Әлеуметтік көмек жөніндегі арнайы комиссияның отырысына материалдар дайындау. Әлеуметтік көмек алушылардың шоттарына мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жіберу. Атаулы әлеуметтік көмекті, әлеуметтік көмекті, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тағайындау және төлеу бойынша заңнамалық базамен жұмыс. Жәрдемақы тағайындауға және өтініштерді есепке алуға арналған ақпараттық жүйелердегі жұмыс. Әлеуметтік көмекке жүгінгендерді тіркеу журналын, әлеуметтік көмек жөніндегі арнайы комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізу және қабылданған шешім туралы өтініш берушілерге жазбаша жауаптар дайындау. Қажет болған жағдайда ақпаратты, есептерді және басқа да мәліметтерді дайындау. Азаматтардың хаттары мен шағымдарына жауап дайындау мерзімде және тиісті сапада орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
А блогы, 4 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану немесе психология) немесе педагогикалық ғылымдар немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе денсаулық сақтау саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3860132598