«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31.07.2024-06.08.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 07.08.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 10.08.2024
Сұхбат: 14.08.2024
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау жасау; құжаттарды қолданыстағы талаптарға сәйкес ведомстволық мұрағатқа уақытылы дайындау және тапсыру; бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі; қадрлық іс жүргізуді енгізу; республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жазылу науқанының түсіндірме-ұйымдастырушылық жұмысы; Көкшетау қаласы әкімдігінің сайтында бөлімнің жұмысы туралы ақпараттың жаңартылуын бақылау; «БҚА» бұлтты құжат айналымы жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету және бақылау жасау; бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыздарды тіркеу, орындаушыға уақытылы жеткізуді, есеп беруді қамтамасыз ету; Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері бойынша Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру; «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру және жұмысын бақылау; «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп жастар арасындағы қылмыстың алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмысты ұйымдастыру, әскери-патриоттық тәрбие бойынша жұмысты ұйымдастыру, қиын жасөспірімдермен жұмыс, жаппай мәдени және ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлықты қоғамдық қабылдамау ахуалын қамтамасыз ету, қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне белсенді қатысуына ықпал ету; жалпы қалалық іс-шараларды өткізу мен дайындауға қатысу; ішкі саясат саласында мемлекеттік органдарының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, бөлім қызметіне жататын мәселелер жөніндегі ақпараттық-аналитикалық материалдарының дайындығын жүзеге асыру; жоғары мемлекеттік органдарға ай сайын және тоқсан сайын есептерді ұсыну.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық немесе бизнес, басқару және құқық немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе дінтану немесе археология және этнология немесе шығыстану немесе теология немесе түркітану немесе исламтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3859624514