«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24 – 30.07.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 31.07.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 03.08.2024
Сұхбат: 07.08.2024
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджетті жоспарлау және орындау секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
жетекшілік ететін саланың (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс) бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ҚР бюджет заңнамасына, қаланы дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің функцияларына, өкілеттіктері мен бағыттарына сәйкестігін қарау және оларға қорытындылар дайындау. Инвестициялық ұсыныстар мен жобаларға бағалау және экономикалық сараптама жүргізу; басым бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру; бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу. Алдағы жоспарлы кезеңге жобаны әзірлеу кезінде жетекшілік ететін сала шығындарының лимиттерін айқындау. Бюджетті әзірлеу, бекіту, нақтылау және түзету кезінде бюджеттік комиссияның отырысына материалдар дайындау. Талдамалық анықтамаларды, материалдарды, ақпаратты дайындау. Қаланы дамыту бағдарламасы шеңберінде жетекшілік ететін бағыттар бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша талдау жүргізу және ақпарат қалыптастыру. Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, Жоғары тұрған органдардың, бөлім басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау.
А блогы, 4 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.