Көкшетау қаласы әкімінің аппараты«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24 – 30.07.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 31.07.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 03.08.2024
Сұхбат: 07.08.2024
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ техникалық қадағалау секторының меңгерушісі, «Е-R-3» санаты
Функционалдық міндеттері:
Сектор қызметіне жалпы басшылық жасау, оның қызметкерлерінің міндеттерін ұйымдастыруды, бөлуді және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Сектор қызметкерлері жүргізетін жұмыстарды жинақтау, анықтамалар мен ақпараттар дайындау. Техникалық қадағалау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын зерделеу және қорыту, нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде секторда әзірленетін бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, қағидаларды, стандарттарды әзірлеу кезінде сектор қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін, жұмыс көлеміне қатысты жұмыстардың калькуляциясы мен құнын есептеуді тексеру, келісу, мердігерлердің шарттық міндеттемелерді заттай және құндық мәнде орындауы бойынша жинақтау ведомостарын жүргізу. Мекеме бойынша бұйрықпен бекітілген объектілер бойынша мердігерлік ұйымдар орындайтын жұмыстардың көлеміне тұрақты техникалық қадағалауды жүзеге асыру. Шарттардың, кепілдік міндеттемелердің орындалу мерзімдерін бақылау, объектілерді пайдалануға беруге қабылдау жөніндегі комиссияның, техникалық кеңестердің жұмысына қатысу. Техникалық қадағалау секторының желісі бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың кіріс хат-хабарларын, өтініштерін қарау, сондай-ақ олардың сектор қызметкерлерінің уақтылы және сапалы қаралуын бақылау. Бөлім басшысы Берген сенімхаттар негізінде сот органдарын қоса алғанда, барлық ұйымдарда, мекемелерде Бөлімнің мүдделерін білдіру.
А блогы, 5 грейд.
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе құрылыс немесе автоматтандыру және басқару немесе машина жасау немесе көлік құрылысы немесе инженерлік жүйелер мен желілер) немесе қызмет көрсету (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.