Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.06- 02.07.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 03.07.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 06.07.2024
Сұхбат: 11.07.2024
Анықтама телефоны: 87162297887
Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, «Е-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Ақмола облысы және Көкшетау қаласы әкімдерінің, облыс және қала әкімдерінің орынбасарларының, облыс және қала әкімі аппараттарының басшыларының берген тапсырмаларының орындалу барысына бақылауды жүзеге асыру, олардың орындалуы жөнінде ақпарат дайындау. Қала әкімінің халықпен кездесуін, есеп беру кездесулерін, жергілікті халыққа кеңес беруін, қала әкімдігінің мәжілістерін, аппараттық және жедел және т.б. жиналыстарын өткізілуін ұйымдастыру. Жергілікті атқарушы органдармен, қалалық мәслихатпен ұйымдастыру және ақпараттық байланысты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасында сайлаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жабдықталуына бақылауды жүзеге асыру. Көкшетау қаласы әкімінің, Ақмола облысы әкімінің жұмыс сапарлары мен Қазақстан Республикасы басшыларының, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының Көкшетау қаласына жұмыс сапарларының барысын бақылауды жүзеге асыру. Келіп түскен хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын уақытылы және сапалы қарау.
А блогы, 4 грейд.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3661300130