Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06 – 13.06.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 14.06.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 20.06.2024
Сұхбат: 25.06.2024
Анықтама телефоны: 87162297819
E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Красный Яр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (2024 жылғы 05.08 дейін негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыс кезеңіне), «E-G-3» санаты
Функционалдық міндеттері:
негізгі қызмет бойынша әкімнің шешімдері мен өкімдерін дайындауды және мемлекеттік тілге біліктілік және уақытылы аударуды қамтамасыз ету. Мұрағат ісін жүргізу және сақтау үшін жауапкершілік алу. Іс жүргізу. Жиналыстардың, жиындардың хаттамаларын жүргізу және әкімдіктің жеке актілерін әзірлеу. Әкімдікке келіп түскен хат-хабарларды, азаматтардың ұсыныстарын, арыздары мен жолданымдарын есепке алуды, тіркеуді, оларды округ әкімінің, орынбасарының және мамандардың қарауына беруді қамтамасыз ету. Округ әкімі мен оның орынбасарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру. Азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру және өтініш білдіргендердің проблемалары бойынша түсініктемелер беру; округ әкімі аппараты мамандарының азаматтар мен заңды тұлғалардың жолданымдарын, шағымдарын уақытылы қарауын бақылауды жүзеге асыру. Округ әкімінің, Көкшетау қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмаларының уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру.Жоғары тұрған органдармен және ұйымдармен ақпараттық байланысты жүзеге асыру.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3609441133