«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 4 – 10.06.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 11.06.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 14.06.2024
Сұхбат: 20.06.2024
Анықтама телефоны: 87162297887
Е-R-2 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327924
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ басшысының орынбасары, «E-R-2» санаты
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кедейлікті төмендету және мүгедек адамдарды оңалту жөніндегі саясатын іске асыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бөлігінде қоғамдық және қайырымдылық қорларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, әлеуметтік көмек секторының, ардагерлермен және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі сектордың, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызбасты қарт азаматтарға үйде қызмет көрсету секторының, құқықтық бақылау және тұрғын үй көмегі секторының қызметін үйлестіру, жоғары тұрған органдардың бұйрықтары мен өкімдерінің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, есептілікті тапсыру, азаматтарды қабылдау, Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, азаматтардың хаттарымен және шағымдарымен жұмыс істеу.
А блогы, 6 грейд.
Білімі бойынша талап:
әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану немесе психология) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) немесе педагогикалық ғылымдар немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе денсаулық сақтау саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3603194057