«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17 – 23.05.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.05.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 29.05.2024

Сұхбат: 03.06.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

«Красный Яр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «E-G-3» санаты

Функционалдық міндеттері:

 банкпен жұмыс істеуді жүзеге асыру; бюджеттік шешімдер, төлем шоттарын, шарттарды ресімдеу; жалақыны есептеу, салықтар бойынша төлемдер; тауар-материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, жанар-жағармай материалдарын, авто қосалқы бөлшектерді уақытылы кіріске алу; жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша кредиторлық және дебиторлық берешек бойынша есептер жасау; бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу; бюджеттік бағдарламаларды және игерілген қаржы қаражатын ашық бюджеттердің интерактивті картасына орналастыру. Бюджеттік өтінімдерді уақытылы жасау. Қазынашылық арқылы операцияларды жүргізу; материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Қаржы және экономикалық мәселелер бойынша жоғары тұрған органдармен және ұйымдармен ақпараттық байланысты жүзеге асыру.

В блогы, 3 грейд.

 Білімі бойынша талап:

 бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3562374221

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 мая 2024