«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19 - 25.04.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.04.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 01.05.2024

Сұхбат: 06.05.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

«Красный Яр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «E-G-3» санаты

Функционалдық міндеттері:

 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» және «Өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларға әлеуметтік (материалдық көмек) тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету және қарау. «Е-Халық» базасын жүргізу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кедейлікті азайту және мүгедектерді оңалту жөніндегі саясатын іске асыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға көмек көрсету бөлігінде қоғамдық және қайырымдылық қорларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, әлеуметтік көмек секторымен, әлеуметтік осал санаттармен жұмыс істеу секторымен, мүмкіндігі шектеулі балаларға және жалғыз басты қарт азаматтарға үйде қызмет көрсету секторымен өзара іс-қимыл жасау. Округ бойынша әлеуметтік мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру; көрнекі үгіттің жай-күйі үшін жауапкершілік; округ аумағында мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, ведомстволарға кәсіби мерекелерді ұйымдастыруға жәрдемдесу. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуын бақылау. Қауіпсіздік нұсқаулығын енгізу. Әлеуметтік-экономикалық дамудың Кешенді жоспарын әзірлеуге қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және хаттамалар жасау. Халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, әлеуметтік мәселелер бойынша жоғары тұрған органдармен және ұйымдармен ақпараттық байланысты жүзеге асыру.

В блогы, 3 грейд.

 Білімі бойынша талап:

 педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3518111680

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 апреля 2024