«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17 - 23.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 27.04.2024
Сұхбат: 02.05.2024
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау бөлімінің бас маманы, «Е-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
қалалық азаматтық қорғаныс қызметін, төтенше жағдайлар мен әскерге шақыру жөніндегі облыстық комиссияларды құру жұмыстарын ұйымдастыру, соның ішінде, азаматтық қорғаныстың аумақтық кіші жүйесі азаматтық қорғаныс қызметін, сонымен қатар, эвакуациялық органдар мен олардың қызметін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. Қала экономикасын, мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен кәсіпорындарды жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай мен соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру бойынша кешенді іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Азаматтық қорғаныс пен қорғаныстың аумақтық кіші жүйесі саласындағы қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру. Облыстық және қалалық штабтық жаттығулар, жұмылдыру және аумақтық қораныс саласында жаттығулар өткізу бойынша жұмысты, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қаланың авариялы және жедел қызметтерінің ақпараттық өзара әрекет етуін ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ олардың салдарын жою және төтенше жағдайлар кезінде шығынды азайту бойынша шаралар әзірлеу және қолдану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Авариялар мен төтенше жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
ұлттық қауіпсіздік және әскери іс немесе бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе халықаралық құқықтану) немесе педагогикалық ғылымдар (алғашқы әскери дайындық) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3512855361