«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17 – 23.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 27.04.2024
Сұхбат: 02.05.2024
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» ММ құрылыс секторының меңгерушісі, «Е-R-3» санаты
Функционалдық міндеттері:
секторға басшылық жасау; объектілердің құрылысы мен реконструкциясын жүргізуді ұйымдастыру; күрделі құрылыстың перспективалық және ағымдағы жоспарларын және оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды, нормалар мен қағидаларға сәйкес олардың орындалуы бойынша есептілік жасау; бас мердігерлік ұйымдармен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету; Тапсырыс беруші төлеген құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебін жүргізу; объектілер құрылысының және реконструкциялаудың мониторингі; құрылыс объектілері бойынша есептілікті қалыптастыру; жұмыс бағдарламаларын әзірлеу; объектілердің құрылысын жүргізуге рұқсатты ресімдеу; қала құрылысы қызметі саласындағы сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау органдарымен өзара іс-қимыл жасау; құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру; мердігерлік ұйымдардың жұмысына мониторинг жүргізу; тапсырманы орындаушыларға жеткізу; жұмыс және мемлекеттік комиссияға қатысу; нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. жетекшілік ететін саладағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
А блогы, 5 грейд
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары ( сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе көлік құрылысы немесе инженерлік жүйелер мен желілер немесе электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы немесе автоматтандыру және басқару) немесе бизнес, басқару және құқық саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3512749864