Көкшетау қаласы әкімінің аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 29.03.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 03.04.2024

Сұхбат: 08.04.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 «Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ  тұрғын үй секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты

Функционалдық міндеттері:

 азаматтардың консультацияларын жүзеге асыру, тұрғын үйлерді бөлу бойынша мұрағаттық құжаттарды ұсыну, тиісті органдар мен азаматтардың сұрау салулары бойынша шарттар жасасу. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтарды есепке қою және оларды Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасына сәйкес алып қою және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда және тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде тұрғын үйді жекешелендіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау. Бөлім басшысы берген сенімхаттар негізінде сот органдарын қоса алғанда, барлық ұйымдарда, мекемелерде Бөлімнің мүдделерін білдіру.

А блогы, 4 грейд.

Білімі бойынша талап:

әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе бизнес, басқару және құқық мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе қызмет көрсету саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3459815482

 

Дата публикации
18 марта 2024