Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.02.2024 – 21.02.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.02.2024-25.02.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.02.2024 – 01.03.2024
Сұхбат: 06.03.2024
Анықтама телефоны: 87162297887
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй секторының бас маманы, E-R-4 санаты.
Функционалдық міндеттері:
азаматтардың консультацияларын жүзеге асыру, тұрғын үйлерді бөлу бойынша мұрағаттық құжаттарды ұсыну, тиісті органдар мен азаматтардың сұрау салулары бойынша шарттар жасасу. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтарды есепке қою және оларды Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасына сәйкес алып қою және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда және тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде тұрғын үйді жекешелендіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау. Бөлім басшысы берген сенімхаттар негізінде сот органдарын қоса алғанда, барлық ұйымдарда, мекемелерде Бөлімнің мүдделерін білдіру.
А блогы, 4 грейд.
Білімі бойынша талап:
әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе бизнес, басқару және құқық мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе қызмет көрсету саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3424308321