Көкшетау қаласы әкімінің аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Конкурс туралы ақпарат

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.02.2024 – 21.02.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.02.2024-25.02.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.02.2024 – 01.03.2024

Сұхбат: 06.03.2024

Анықтама телефоны: 87162297887

Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

"Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаржы-экономикалық секторнің бас маманы, E-R-4 санаты

Функционалдық міндеттері:

 құрылыс мониторингі; орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдауға қатысу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат ресімдеу; объектілерді салу және реконструкциялау мәселелері бойынша бас мердігерлік ұйымдармен жұмыс; салынған объектілерді мемлекеттік мекеменің балансынан қабылдау - беру жөніндегі комиссияларға қатысуға құжаттарды дайындау; құжаттарды дайындау және жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссиясын өткізуге қатысу; Құрылыс және реконструкция объектілеріне қатысты мәселелерді келісу, объектілерді комиссиялық тексеру; объектілерге ЖСҚ жасау және мердігерлерге беру; мердігерлерде орындалған жұмыстардың есептерін, калькуляциясын, нысандарын тексеру

В блогы, 3 грейд.

Білімі бойынша талап:

инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары ( сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе көлік құрылысы немесе инженерлік жүйелер мен желілер немесе электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы немесе автоматтандыру және басқару) саласында саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3424328019

Дата публикации
15 февраля 2024