2023 жылы Көкшетау қаласының әкімдігімен мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

2023 жылы Көкшетау қаласының әкімдігімен

мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 18 мамырдағы № 177/НҚ бұйрығымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтердің 117 түрін (кіші түрлерін) көрсетеді.

   Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 2023 жылдың 12 айында барлығы 421678 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 9813 мемлекеттік корпорация арқылы, 18466 «электрондық үкімет» порталы арқылы, 228 мемлекеттік қызмет мемлекеттік органның кеңсесі арқылы қағаз түрінде, 3982 мемлекеттік қызмет электрондық түрде, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыссыз көрсетілді, көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде 9678 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

   Бас тартулардың ең көп көлемі жер қатынастары саласына: «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу» сияқты қызметтерге тиесілі-798 бас тарту, «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 681 бас тарту және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар: «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту»- 598 бас тарту, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - 435 бас тарту.

   Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 5325.                         

   Барлығы 12 айдың ішінде жергілікті атқарушы органның әрекеттеріне 40-тан астам шағым түсті, оның 13-і «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша негізделген деп танылды - 12 шағым, «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» -8 шағым, «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 6 шағым, «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу» - 3 шағым, «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» - 1 шағым, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру» -  1 шағым, «Жер учаскесінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау» - 1 шағым, «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» - 4 шағым. 

   Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 10 тікелей эфир өткізілді.

   2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап Көкшетау қаласы, Б. Момышұлы көшесі 21 мекенжайы бойынша «сервистік әкімдік» жұмыс істейді. «Сервистік әкімдікте» жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, құрылыс бөлімінің, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мамандары орналасқан. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен күту залы бар.

   Мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімі мүгедектігі бар адамдар үшін (білім беруді, денсаулық сақтауды ұйымдары) жағдайлардың болуы тұрғысынан мемлекеттік қызметтер көрсететін объектілердің мониторингі бойынша жұмыс жүргізеді.

   9 бақылаулы іс-шара өткізілді оның нәтижелері бойынша 5 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Instagram әлеуметтік желісінің ресми парақшасында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 63 мақала жарияланды.

    2023 жылдың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері Қоғамдық кеңестердің үш отырысында тыңдалды, Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлермен Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы және Ақмола облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысының қатысуымен техникалық оқу жүргізілді.

   Сондай-ақ, 2023 жылы тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына Е-Лицензиялау МДҚ мониторингі жүргізілді, төртінші тоқсандағы мониторинг қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар үшін жер қатынастары секторының меңгерушісі А.Д.Аяшев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

   Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар компьютерлік техниканың 8 бірлігін жаңартты, бүгінгі таңда 13 бірлікті жаңартуды талап етеді.

   Көкшетау қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмысы жалғастырылатын болады.

Дата публикации
11 января 2024