Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.11-06.12.2023
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 07.12.2023
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 12.12.2023
Сұхбат: 15.12.2023
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» ММ құрылыс секторының бас маманы, «E-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
объектілерді жобалау, салу және реконструкциялау мәселелері бойынша бас мердігерлік ұйымдармен жұмыс; жобалау-сметалық құжаттаманы және техникалық шарттарды қамтамасыз ету; Құрылыс үшін жер учаскелерін ресімдеу, мемлекеттік қызметтер көрсету. Инвестициялық жобаларды жобалау және сүйемелдеу үшін рұқсат құжаттарын дайындау; жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мәселелері бойынша мониторинг жүргізу және ақпарат дайындау инвестициялық жобалардың мониторингі, жобалау-іздестіру жұмыстарына есептеулер, калькуляциялар жасау. құжаттардың, қаулылардың дайындалу сапасын, дұрыс жасалуын, келісілуін және бекітілуін бақылау; Құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау. Іс жүргізу, кадр жұмысы мәселелері; құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді, орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету және құжаттаманы сақтау. Оформление документации и передача построенных объектов эксплуатирующим организациям. Осуществление иных полномочий, установленных нормативными правовыми актами.
А блогы, 4 грейд.
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары ( сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе көлік құрылысы немесе инженерлік жүйелер мен желілер немесе электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы немесе автоматтандыру және басқару) немесе бизнес, басқару және құқық саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3311006337