Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.11-01.12.2023
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 02.12.2023
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 06.12.2023
Сұхбат: 11.12.2023
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
««Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бухгалтерлік есеп, бюджеттің атқарылуын есепке алу және есеп беру секторының бас маманы, «E-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
бюджеттік есептілікті, ішкі несие беру бойынша ұсынылған қарыздар есебін, олар бойынша сыйақы есебін, берілген нысаналы ағымдағы трансферттердің, бюджеттік бағдарлама әкімшілері арасында өтеусіз берілген және алынған активтердің есебін жүргізу. Бюджеттік бағдарламалар бойынша есептеулермен қоса бюджеттік өтінімді құрастыру. Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөнінде бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді жүргізу. Қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен тоқсандық, жартыжылдық, жылдық бюджеттік және қаржылық есептілікті жинақтауды қалыптастыру. Бюджет кірісіне артық (қате) төленген сомаларды қайтару/есепке алу бойынша жұмыс. Бөлімнің құзыреті шегінде баяндамалардың жобаларына материалдарды, талдау анықтамаларын, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша кестелерді дайындау. Бөлімнің құзыреті шегінде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, өзгерістер енгізу және іске асыруда талдау, бөлім бойынша қаржылық, бюджеттік, салық және статистикалық есептілікті құрастыру. Бөлімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуларды іске асыру. Қазынашылық органдарында шарттарды, тексеру актілерін, шарттарды тіркеуге өтінімдерді дайындау. Салық салу мақсатында бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуін өткізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және кадрлық іс-жүргізуді ұйымдастыру. Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, жоғары тұрған органдардың, бөлім басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану немесе халықаралық құқық) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3307151110