«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20-24.11.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 25.11.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 29.11.2023

Сұхбат: 04.12.2023

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және орындау секторының бас маманы, «E-R-4» санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына бақылауды жүзеге асыру; жалақыны есептеу және төлеу; бухгалтерлік есептілікті белгіленген мерзімде жасау және ұсыну; негізгі құралдар мен материалдық қорлар бойынша түгендеу жүргізу; есепке алудың, қозғалыстың және есептен шығарудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру; бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау; мемлекеттік органның қызметін қаржылық қамтамасыз ету; материалдық қорлар мен негізгі құралдардың түсуі, қозғалысы және есептен шығарылуы бойынша есеп жүргізу; қаржы бөліміне, экономика бөліміне және басқа ұйымдарға ақпаратты, есептерді және басқа мәліметтерді ай сайын дайындау. Азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауды, белгіленген мерзімдерде бухгалтерлік есептілікті жасауды және ұсынуды жүзеге асыру; жоғары тұрған мемлекеттік органдарға ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді ұсыну; көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша тағайындалған төлемдерді жүзеге асыру.

В блогы, 3 грейд.

Білімі бойынша талап:

 

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе әлемдік экономика) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

  жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

 

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3302461578

Дата публикации
17 ноября 2023