2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте Көкшетау қаласының әкімдігінде мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 18 мамырдағы № 177/НҚ бұйрығымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтердің 117 түрін (кіші түрлерін) көрсетеді.

Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 2023 жылдың 9 айында барлығы
34408 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 8775 мемлекеттік корпорация арқылы,
14432 «электрондық үкімет» порталы арқылы, 154 мемлекеттік қызмет мемлекеттік органның кеңсесі арқылы қағаз түрінде, 2904 мемлекеттік қызмет электрондық түрде, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыссыз көрсетілді, көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде

8143 мемлекеттік қызмет көрсетілген.Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны - 3850. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 8 тікелей эфир өткізілді.

2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап Көкшетау қаласы, Б. Момышұлы көшесі 21 мекенжайы бойынша «сервистік әкімдік» жұмыс істейді. «Сервистік әкімдікте» жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, құрылыс бөлімінің, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мамандары орналасқан. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен күту залы бар.

 9 бақылаулы іс-шара өткізілді оның нәтижелері бойынша 5 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Instagram әлеуметтік желісінің ресми парақшасында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 57 мақала жарияланды.

Көкшетау қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Дата публикации
31 октября 2023