«Көкшетау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
мемлекеттік тілде – «Көкшетау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел государственных активов и закупок города Кокшетау».
1) қалалық коммуналдық меншікті оңтайлы және тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
2) қала әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында бюджет шығындарын оңтайлы және үнемді пайдалануды қамтамасыз ету.
1) өз құзыры шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықты актілер әзірлейді;
2) қалалық коммуналдық мүлікті тиімді және мақсатты қолдануына бақылауды жүзеге асырады;
3) қалалық коммуналдық мүлікті басқарады, қалалық коммуналдық меншікті, оның ішінде қалалық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардағы пакеттермен және шаруашылық серіктестіктердегі қатысу үлестерімен иелену, қолдану, басқаруды жүзеге асырады;
4) «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс өткізу;
5) қалалық коммуналдық мүлік есебін жүргізеді, оның тиімді қолдануын қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіпте мемлекеттік мүлік тізімін жүргізеді;
6) коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы Көкшетау қаласы әкімдігімен қабылданған шешімдер бойынша қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін сату-сатып алу шартын әзірлеуді және жасауды, сату-сатып алу шарттарының бұзылмауына бақылау жүргізуді жүзеге асырады;
7) Көкшетау қаласының әкімдігі белгілейтін тәртіп бойынша қалалық коммуналдық мүлікті, соңынан сатып алу құқығысыз, сатып алу құқығымен, жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жалға (арендаға), сенімді басқаруға ұсынады;
8) қалалық коммуналдық мүлікті сенімді басқару шарты бойынша міндеттердің сенімді басқарушылармен орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
9) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне тапсыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ретпен иесіз, мемлекетке мұрагерлік құқықпен ауысқан, сонымен қатар иесіз мүлік, өтеусіз тәртіппен көшкен қараусыз жануарлар деп танылған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен коммуналдық меншікке (келіп түскен) бағытында қалалық коммуналдық меншікті әрі қарай қолдану және бағалау, сақтау, есебін жүргізуді ұйымдастырады;
11) қала әкімі анықтаған бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді іске асыру;
12) Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден және басқа да ұйымдардан бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды, басқа да материалдарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді сұрауға және алуға;
2) атқарушы органдар құзырлығындағы ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін, оның ішінде құпияларды пайдалануға;
3) қарастыруға жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
4) коммуналдық қызметтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жасауға, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік актілерді әзірлеуге;
5) шағым жасауға, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету.
1) мемлекеттік мекеменің құрылымын, сонымен қатар олардағы өзгерістерді қалыптастырады;
2) мемлекеттік мекеменің жалпы басқаруын, ұйымдастыру - құқықтық, қаржы – техникалық және бөлімнің қаржылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, бөлімнің жұмысын қадағалайды және үйлестіреді;
3) мемлекеттік мекеменің мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
5) мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
6) барлық қызметкерлерге міндетті нұсқаулармен бұйрықтар береді;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза және ынталандыру бойынша шаралар қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.