Ақмола облысы Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ

Ақмола облысы Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округінің

сайланған әкімін тіркеу туралы Көкшетау қалалық

аумақтық сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 13 тамызда болған Ақмола облысы Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

1. Макиш Серикжан Мейрамулы, 1993 жылы туған, Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округі әкімінің орынбасары, Көкшетау қаласы Красный Яр ауылында тұратын, Ақмола облысы Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.

2. Сайланған әкімнің тіркелгені туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

  1. Тиісті куәлік берілсін.
Ақмола облысы Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ
Дата публикации
16 августа 2023