2023 жылғы 13 тамызда Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 13 тамызда Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округі әкімінің Красный Яр сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес және Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде Көкшетау қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі:
Красный Яр сайлау округі Красный Яр ауылдық округі әкімінің
сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 8832 азамат енгізілді, олардың 7564-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 246, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 705.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қажымұрат Ә.Е. – 677; Макиш С.М. – 5146; Турсунбаев О.Д. – 790.
1993 жылы туған, Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округі әкімінің орынбасары, Көкшетау қаласы Красный Яр ауылында тұратын Мақыш Серікжан Мейрамұлы, Красный Яр ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 16 тамыздағы шешіммен Көкшетау қалалық сайлау комиссиясы Көкшетау қаласы Красный Яр ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді.
Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы