ЖОБА
Көкшетау қаласында бейбiт жиналыстарды
ұйымдастыруға және өткiзуге арналған
арнайы орындарды анықтау туралы
«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешiмнiң 1- қосымшасына сәйкес, бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды, бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды пайдалану тәртiбiн, олардың шектi толу нормаларын, сондай-ақ бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды анықтау.
2. Осы шешiмнiң 2- қосымшасына сәйкес, пикеттеудi өткiзуге тыйым салынған iргелес аумақтардың шекараларын анықтау.
3. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы» 2019 жылғы 28 қарашадағы № С-38/7 (нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7524 тiркелген, 2019 жылғы 29 қарашада ҚР НҚА электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Алтыншы шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының кезектен тыс
44-шi сессиясының төрағасы А.Ж.Т.
Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы А.Ж.Т.
«КЕЛIСIЛДI»
Көкшетау қаласының әкiмдiгi
ЖОБА
Көкшетау қалалық мәслихатының
2020 жылғы _маусымдағы
№ _____ шешiмiне 1 қосымша
Көкшетау қаласында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткiзуге арналған арнайы орындар
1. Абай к., 124 «Истоки» МҮ қарама-қарсы алаңша, сыйымдылығы- 100 адам;
2. Т.Сүлейменов к.,10 «Достар» МС қарама-қарсы алаңша, сыйымдылығы- 200 адам.
3. Бейбiт шерулер мен демонстрациялар өткiзу маршруты:
Абай көшесi бойымен Зарап Темiрбеков көше қиылысынан бастап Қанай би көше қиылысына дейiн.
4. Бейбiт жиналыстарды бейбiт жиналыстар өткiзiлетiн күнi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
ЖОБА
Көкшетау қалалық мәслихатының
2020 жылғы _____
№ _____ шешiмiне 2 қосымша
Көкшетау қаласында пикеттеудi өткiзуге тыйым салынған iргелес аумақтармен шекаралар
1.Жаппай жерлеу орындарында;
2. Темiржол, су, әуе және автомобиль көлiгi объектiлерiнде және оларға iргелес жатқан аумақтарда;
3. Мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарға iргелес жатқан аумақтарда;
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң — Елбасының резиденцияларына iргелес жатқан аумақтарда;
5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерге және пайдалануы арнайы қауiпсiздiк техникасы қағидаларын сақтауды талап ететiн өзге де объектiлерге iргелес жатқан аумақтарда;
6. Магистральдық темiржол желiлерiнде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желiсiнде, магистральдық байланыс желiлерiнде және оларға iргелес жатқан аумақтарда
Жол берiлмейдi:
-бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бiр жерде дәл сол бiр уақытта дәл сол бiр объектiде екi және одан көп пикет өткiзуге;
-пикет өткiзуге тыйым салынған объектiлердiң iргелес аумақтардан 200 метр қашықтықта пикет өткiзуге;
— пикеттеу ұзақтығы, бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бiр жерде дәл сол бiр объектiде күнiне екi сағаттан аспауға.