Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімдігі Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Су Арнасы» шауашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 175А үйі, тел: 77-00-78
Кәсіпорынның негізгі қызметі: сумен жабдықтау және канализация жүйесі төңірегінде Көкшетау қаласының тіршілігін қамтамасыз ету.
Негізгі функционалдық міндеттері: Ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржылық – экономикалық қызмет заңнамасына сәйкес басқару, қабылданған шешімдердің салдарына толығымен жауапты болу. Шарттар, мәмілелер, өзге ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен операциялар жасау; бұйрықтарды шығару, іскерлік кездесулерде ұйымның өкілі болу. Ұйымның мемлекеттік бюджеттің, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорларынның, тапсырыс берушілер мен кредиторлардың, банктердің алдындағы міндеттерін, сонымен қатар шаруашылық және еңбек шарттарын (контракттарын), индикативті жоспарлармен бизнес – жоспарлардың көрсеткіштерін орындауларын қамтамасыз ету. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамыту мен ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама талаптарын қадағалау, ұжымда қолайлы психикалық атмосфераны қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау. Оған заңнамамен ұсынылған құқықтары шегінде ұйымның қаржылық – экономикалық және өндірістік – шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешу, басқа лауазымдық тұлғаларға қызметтің бөлек бағыттарын жүргізуін директор орынбасарларына, сонымен қатар қызметтік және өндірістік бөлімшелерге тапсыру. Әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеуін, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайтуын, нарықтық жағдайларда қаржылық басқару мен қызмет атқару үшін құқықтық қаражатты пайдалануын, ұйымның қызметіндегі заңдылық пен оның шаруашылық – экономикалық байланысын жүзеге асыруын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары техникалық ғылымдар және технологиялар немесе жаратылыстану ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе құқық саласында мамандығы бойынша және экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
конкурсқа қатысу туралы өтініш;
мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;
білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама
Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақ пен дәреже беру ғылыми басылымдар туралы, сондай-ақ, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтың ұсыныстары және т.б. көшірмелерін) қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлғалар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаларды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
Қажетті құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 020000, Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі 141, 307 каб., 29-78-93, 25-78-19, 29-78-87, факс 29-78-00, электрондық мекенжайы: kokshetau_sup@aqmola.gov.kz