«Үздiк ауыл әкiмi» Республикалық конкурсын өткiзу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 6 қазандағы

№ 167-р өкiмiмен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңiне көшiру жөнiндегi 2022-2024 жылдарға арналған жол картасының 82 тармағына сәйкес «Үздiк ауыл әкiмi» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

Конкурсты өткiзу кезеңi: 2022 жылдың маусым-қазан айлары.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттiк қызметте әкiм лауазымында үш жылдан кем емес өтiлi бар, Әдеп кодексiнiң талаптарын бұзғаны, мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн қылығы үшiн алынбаған тәртiптiк жазалары жоқ, сондай-ақ соңғы 1 жылда қоғамда терiс пiкiр тударатын әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмаған, 2021 жылға «Б» корпусының

мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалау қорытындысы «тиiмдiден» төмен емес бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiне жол берiледi.

Конкурсқа құжаттар 2022 жылдың 10 маусымынан бастап 30 маусымына (қоса есептегенде) дейiн қабылданады.

Конкурстың ережесi туралы толық ақпарат Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң аумақтық Департаментiнiң және облыс Әкiмдiгiнiң ресми сайтына орналастырылған (Әдiстемелiк ұсыным сiлтемесi).

Конкурс құжаттарын kokshetau_sup@aqmola.gov.kz эл. поштасына жолдаңыз.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 87162 29 78 19 тел. нөмiрiне хабарласуға болады.

Адистемелик нускаулык

Дата публикации
09 июня 2022