Құрметтi қазақстандықтар!

2022 жылғы 5 маусымда Президенттiң Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселесi бойынша республикалық референдум өтедi.

Референдумға қатысу құқығына он сегiз жасқа толған Республика азаматтары ие.

Референдум азаматтардың өз ықтиярымен қатысу, еркiн ашық бiлдiру, сондай-ақ жалпыға бiрдей, тең, төте және жасырын дауыс беру принциптерi бойынша өткiзiледi.

Референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал шығарылып отыр.

Сiздiң таңдауыңыз маңызды!

* * *

Қазақстан Республикасының

Орталық референдум комиссиясы

Дата публикации
19 мая 2022