Орталық референдум комиссиясының
ҮНДЕУI
ҚҰРМЕТТI РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
Егер Сiз дауыс беру күнi 18 жасқа толған және белсендi сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сiздiң 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуыңызға құқықтық негiз бар.
Сiздiң республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiне енгiзiлуiңiз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың iске асырылу кепiлi болып табылады.
Жергiлiктi атқарушы органдар (әкiмдiктер) тiзiмдердi Сiздiң дауыс беруге арналған нақты учаскенiң аумағындағы тұрғылықты жерiңiз бойынша тұрақты тiркелуiңiздiң негiзiнде жасайды. Уақытша тiркелген азаматтар тiзiмдерге берiлген өтiнiш негiзiнде енгiзiледi.
Дауыс беруге арналған учаскелер тиiстi әкiмдердiң шешiмдерiмен құрылады, олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өз учаскеңiздi бiлiп, тiзiмге енгiзiлгенiңiздi Сiз жергiлiктi атқарушы органға хабарласып, тексере аласыз. Тiзiмде болмаған жағдайда, Сiз әкiмдiкке тиiстi өтiнiш беруге құқылысыз.
2022 жылғы 20 мамырдан бастап өз учаскеңiзде Сiзге республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тiзiмiндегi өзiңiз туралы деректердi тексеру мүмкiндiгi берiледi. Қандай да бiр өзгерiстер енгiзу қажет болса, Сiз дереу учаскелiк референдум комиссиясына жүгiне аласыз.
Баршаңызды азаматтық жауапкершiлiк танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды iске асыруға шақырамыз!
ӘРКIМНIҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!