Қазақстан Республикасы
Орталық референдум комиссиясының
2022 жылғы 6 мамырдағы 32/482
қаулысымен бекiтiлген
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды
әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың
күнтiзбелiк жоспары
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелiк референдум комиссияларының құрамын жариялау
Аумақтық референдум комиссиялары
Референдум тағайындалғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей
2022 жылғы 15 мамырдан кешiктiрмей
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерiнiң шекаралары туралы хабарды жариялау
Тиiстi әкiмдер
Референдум тағайындалғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей
2022жылғы 15 мамырдан кешiктiрмей
3. Республикалық референдум алдындағы үгiт
референдум тағайындалғаннан кейiн басталады және
2022 жылғы 4 маусымда нөл сағатта аяқталады
4. Шешiммен учаске құрылған әкiм қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн учаскелiк референдум комиссияларына акт бойынша ұсыну
Тиiстi әкiмдер
Дауыс берудiң басталуына жиырма күн қалғанда
2022 жылғы 15 мамырдан кешiктiрмей
5. Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн танысуға ұсыну
Учаскелiк референдум комиссиялары
Дауыс беру күнiне он бес күн қалғанда
2022 жылғы 20 мамырдан кешiктiрмей
6. Жекелеген референдум учаскелерiнде дауыс берудiң басталуы мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi азаматтарға жеткiзу
Аумақтық референдум комиссиялары
Дауыс беру күнiне дейiнгi он күннен кешiктiрмей
2022 жылғы 25 мамырдан кешiктiрмей
7. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету
Учаскелiк референдум комиссиялары
Дауыс беру күнiне дейiнгi кемiнде он күннен кешiктiрмей
2022 жылғы 25 мамырдан кешiктiрмей
(26–б. 1–т.)
8. Референдумның учаскелiк комиссияларына дауыс беруге арналған бюллетеньдердi жеткiзу
Аумақтық референдум комиссиялары
Референдум өткiзуге жетi күн қалғанда
2022 жылғы 28 мамырдан кешiктiрмей
(27-б. 5-б.)
9. Дауыс беру үшiн референдум учаскелерiн ашу және ашу туралы хаттама жасау
Учаскелiк референдум комиссиялары
Дауыс берудiң басталуына бiр сағат қалғанда
Егер дауыс берудiң басталуына басқа уақыт белгiленбесе, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 06:00-де
10. Дауыс берудi өткiзу
Учаскелiк референдум комиссиялары
Дауыс берудiң басқа уақыты белгiленбесе, дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейiн
11. Референдум учаскесiнде дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерi туралы хаттама жасау
Учаскелiк референдум комиссиялары
Дауыс берудi аяқтаудың басқа уақыты белгiленбесе, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады . Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екi сағаттан аспауға тиiс
12. Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орында орналастыру
Учаскелiк референдум комиссиялары
Хаттамаларға қол қойылғаннан кейiн — дереу
13. Референдум учаскесiнде дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманы тиiстi аумақтық референдум комиссиясына ұсыну
Учаскелiк референдум комиссиялары
Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн — дереу
14. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында референдумның нәтижелерiн шығару
Аумақтық референдум комиссиялары
Дауыс берiлген күннен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде
(22-б. 1-т.7-тт.)
15. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы референдум нәтижелерi туралы хаттаманы Орталық референдум комиссиясына ұсыну
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссиялары
Дауыс беру күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде
16. Референдум қорытындыларын шығару және бұқаралық ақпарат құралдарында референдум қорытындылары туралы ресми хабарды жариялау
Орталық референдум комиссиясы
Референдум өткiзiлген күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей
2022 жылғы 12 маусымнан кешiктiрмей
(31, 33-б.)
Ескерту: Күнтiзбелiк жоспардың мәтiнiнде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сiлтемелер берiлiп отыр.