Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң қаулы жобасы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекiтiлген Iшкi сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтiк құқықтык актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11148 тiркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектiлерiн орналастыру орындары айқындалсын және бекiтiлсiн.
2. «Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектiлерiн орналастыру орындары мен бағыттарын айқындау және бекiту туралы» Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 152661 болып тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкiмi Б. Ғайса