«Көкшетау қаласы әкімінің жанындағы мониторингті топтар құрамын және нысанды есептік құжаттаманы бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 53-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің                                                          2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына және  Қазақстан Республикасы аумағында 2020 жылы 7 желтоқсанда (2020 жылғы 14 желтоқсанда,                                         2021 жылғы 1 шілдеде ВАК хаттамаларымен өзгерістер енгізілді) ведомствоаралық комиссия COVID-19 пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы қаулысына сәйкес:

  1. «Көкшетау қаласы әкімінің жанындағы мониторингті топтар құрамын және нысанды есептік құжаттаманы бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 53-ө өкіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы мониторингті топтар құрамына:

Меруерт Майданқызы Мамырбаева – Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, топ басшысы;

Ерболат Сәбитұлы Біләлов - Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі, топтың мүшесі;

Әділ Жеңісұлы Қаратаев - Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және орындау секторының бас маманы, топтың мүшесі;

Марат Төлешұлы Түлкібаев  - Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыру – бақылау секторының бас маманы, топ мүшесі;

Ернар Серікұлы Иманғали - Көкшетау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының маманы;

Алмаз Қалымбекұлы Қорғанбеков - Көкшетау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің әдіскері, топтың мүшесі енгізілсін.

Көрсетілген топтың құрамынан Д. Б. Канафин., О. Д. Тұрсынбаев,                             Е. М. Мұратбеков шығарылсын.

  1. Осы өкімнің орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары С. К. Құдабайға жүктелсін.
  2. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі  м.а.                                                                                            Б.Ерназаров

«Көкшетау қаласы әкімінің жанындағы мониторингті топтар құрамын және нысанды есептік құжаттаманы бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 53-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
16 августа 2021