Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Көкшетау қаласы Станционный кентi әкiмiн сайлау нәтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамасы негiзiнде сайлау қорытындыларын белгiледi:
Станционный кентi әкiмiн сайлау жөнiндегi сайлау округi:
Сайлау округi бойынша сайлаушылар тiзiмiне 1858 азамат енгiзiлдi, оның 1691-i дауыс бердi. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 14, «Барлығына қарсы» деген жолда белгi қойылған — 141.
Әрбiр кандидат үшiн берiлген дауыстар саны:
Қожахметов А.М.– 173; Төлебаев Ә.Т.– 1161; Хайдар А.Е.– 202.
Көкшетау қаласы Станционный кентiнiң әкiмi:
Төлебаев Әлiбек Тiлегенұлы болып сайланды, 1966 жылы туды, Көкшетау қаласында тұрады, «NurOtan» партиясымен ұсынылды.
Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.