Станционный кентi әкiмiнiң сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Көкшетау қаласында Станционный кентiнде 2021 жылғы 25 шiлдеде әкiм сайлауы тағайындалсын.
2. 2021 жылғы 25 шiлдеге тағайындалған Станционный кентiнде әкiмнiң сайлауын дайындау мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың Күнтiзбелiк жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы Көкшетау қаласы әкiмдiгi сайтының интернет-парақшасында және қалалық «Көкшетау», «Степной Маяк» газеттерiнде жариялансын.