Көкшетау қаласы Станционный кентi әкiмiнiң сайлауы бойынша сайлау округiн құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 — бабы, 6) тармақшасына, 21 — бабы, 4) тармағына, 22 — бабына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.Көкшетау қаласы Стационный кентi шекарасында Станционный кентi әкiмiнiң сайлауы бойынша сайлау округi құрылсын.
2.Көкшетау қаласы әкiмдiгi сайтының интернет-парақшасында және қалалық «Көкшетау», «Степной Маяк» газеттерiнде аумақтық сайлау округтерiнiң шекараларын және орналасқан жерiн көрсете отырып, округтердiң тiзiмi жариялансын.
Комиссия төрайымы М. Қалиева
Комиссия хатшысы Г. Ерғалиева