Аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы № 40/17 қаулысына қосымша
Көкшетау қаласы, Станционный кентi әкiмiнiң
сайлауына дайындалу және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың
күнтiзбелiк жоспары
1. Станционный кентi әкiмiнiң (бұдан әрi — әкiмдер) сайлауын тағайындау
Қалалық сайлау комиссиясы
2021 жылғы 25 маусымда әкiмнiң өкiлеттiк мерзiмi бiтуге кемiнде 40 күн қалғанда
(113-1-б.2,3-т.)
2. Сайлау округтерiнiң тiзiмiн, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерiн көрсете отырып, тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Қалалық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей, 2021 жылғы 5 шiлдеден кешiктiрмей
(22-б.)
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Қалалық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей
2021 жылдың 5 шiлдесiнен кешiктiрмей
(13-б. 4-т.)
4. Учаскелiк сайлау комиссисының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Қалалық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күннен кешiктiрмей
2021 жылдың 10 шiлдесiнен кешiктiрмей
(17-б. 2-т.)
5. Сайлау учаскесiнiң шекаралары туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Қала әкiмi
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күн iшiнде
2021 жылдың 10 шiлдесiнен кешiктiрмей.
6. Әкiмдiкке кандидаттар ұсыну
Белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партиялар және өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен азаматтар
Егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше белгiленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейiнгi күннен басталады және сайлау өткiзiлетiн күнге он бес күн қалғанда жергiлiктi уақытпен сағат он сегiзде аяқталады.
2021 жылы 26 маусым басталып, 2021 жылғы 9 шiлдеде жергiлiктi уақыт бойынша кешкi сағат 18-де аяқталады
(113-3-б.1-т.)
7. Әкiмдiкке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында (бұдан әрi — Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау
Қалалық сайлау комиссиясы
(4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)
8. Әкiмдiкке кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркеу және оларға тиiстi куәлiктер беру
Қалалық сайлау комиссиясы
Әкiмдiкке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестiгi анықталған күннен бастап
(14-б. 8-1) т., 31-б.)
9. Әкiмдiкке кандидаттарға өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен ұсынылған, қолдап қол жинау үшiн қол қою парақтарын беру
Қалалық сайлау комиссиясы
Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн үш күндiк мерзiмде
(113-4-б.)
10. Әкiмдiкке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиiстi хаттаманы ресiмдеу
Қалалық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерiнiң қызметкерлерiн тарта отырып
Қол қою парақтары тиiстi сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейiн үш күндiк мерзiмде
(113-4-б. 7-т.)
11. Жергiлiктi аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгi жалақының бiр еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзуi
Әкiмдiкке кандидатттар,
саяси партиялар (әрбiр ұсынылған кандидат үшiн)
Кандидат тiркелгенге дейiн
(113-5-б. 2-т.)
12. Тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына 2021 жылғы 1 маусымға активтер мен мiндеттемелерi туралы декларациялар ұсыну
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)
Кандидат тiркелгенге дейiн
(113-5-б. 3-т.)
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен мiндеттемелер туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру
Мемлекеттiк кiрiс органдары
Кандидат тiркелген күннен бастап бес күн iшiнде
(113-5-б. 4-т.)
14. Әкiмдiкке кандидаттарды тiркеу және оларға тиiстi куәлiктер беру
Қалалық сайлау комиссиясы
Барлық қажеттi құжаттарды алғаннан кейiн басталады және сайлау күнiнен он күн бұрын жергiлiктi уақытпен сағат он сегiзде аяқталады
2021 жылы 26 маусымда басталып, 2021 жылғы 14 шiлдеде жергiлiктi уақыт бойынша 18: 00-де аяқталады
(113-5-б.)
15. Әкiмдiкке кандидаттарды тiркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Қалалық сайлау комиссиясы
Кандидаттар тiркелгеннен кейiн бесiншi күннен кешiктiрмей
(113-5-б. 9-т.)
16. Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу және оларды жарақтандыру
«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi және қалалық сайлау комиссиясы
Үгiт-насихат басталмас бұрын
(28-б. 6-т.)
17. Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу
Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
2021 жылдың 14 шiлдесiнде жергiлiктi уақыт бойынша кешкi алтыдан кейiн басталады және 2021 жылы 24 шiлдеде жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
(27-б. 2-т.)
18. Әкiмдiкке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулерi үшiн үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенiм бiлдiрген адамдарының бөлiнген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесiн жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi және қалалық сайлау комиссиясы
Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу кезеңiнде
(28-б. 4-т.)
19. Әрбiр сайлау учаскесi бойынша әкiм қол қойған сайлаушылардың тiзiмдерiн сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну
Қала әкiмi
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын
2021 жылдың 5 шiлдесiне дейiн
(24-б. 5-т.)
20. Сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерiн танысу үшiн сайлаушыларға ұсыну
Учаскелiк сайлау комиссиясы
Дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда
2021 жылдың 10 шiлдесiне
(26-б. 1-т.)
21. Сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабардар ету
Учаскелiк сайлау комиссиясы
Дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiнгi он күннен кешiктiрмей
2021 жылдың 15 шiлдесiне дейiн
(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерiн учаскелiк сайлау комиссияларына жеткiзу
Қалалық сайлау комиссиясы
Сайлауға кемiнде үш күн қалғанда және оған кемiнде бiр күн қалғанда
2021 жылдың 22 шiлдесiнен ерте емес және 24 шiлдесiнен кешiктiрмей
(37-б. 3-т.)
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерiн ашу және тиiстi хаттама жасау
Учаскелiк сайлау комиссиясы
Дауыс берудiң басталуына бiр сағат қалғанда
Жергiлiктi уақыт бойынша сағат 06:00-де
(40-б. 1-т.)
24. Дауыс берудi өткiзу
Учаскелiк сайлау комиссиясы
Сайлау күнi, жергiлiктi уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейiн
(38-б. 1-т.)
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесiнде әкiм сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамалар жасау
Учаскелiк сайлау комиссиясы
Жергiлiктi уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады
(18-б. 8) т., 43-б.)
26. Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға iлу
Учаскелiк сайлау комиссиясы
Хаттамаларға қол қойылғаннан кейiн — дереу
(43-б. 8-т.)
27. Сайлау учаскелерiнде дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды тиiстi аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну
Учаскелiк сайлау комиссиясы
Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн — дереу
(113-8-б. 1-т.)
28. Әкiм сайлауының қорытындыларын белгiлеу
Қалалық сайлау комиссиясы
Сайлаудан кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрмей
2021 жылдың 28 шiлдесiнен кешiктiрмей
(113-10-б.)
29. Әкiмдердi сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Қалалық сайлау комиссиясы
Сайлау өткiзiлген күннен бастап төрт күннен кешiктiрмей
2021 жылдың 28 шiлдесiнен кешiктiрмей
(44-б.)
30. Сайланған әкiмдердi тiркеу, тиiстi куәлiктер беру
Қалалық сайлау комиссиясы
Сайлау өткiзiлген күннен бастапжетi күн мерзiмде
Сайланған әкiмдерден жетi күн мерзiм iшiнде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкiм мәртебесiмен сыйыспайтын мiндеттердi доғаратыны туралы жазбаша өтiнiш алғаннан кейiн
2021 жылдың 31 шiлдесiнен кешiктiрмей
(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)
Ескертпе: Күнтiзбелiк жоспардың мәтiнiнде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сiлтемелер берiлдi.