Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ № 30/15 2021 жылғы «30» сәуiр

Шығып қалғанның орнына Станционный кентiнiң әкiмi сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1 бабы, 10-тармағына, 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Станционный кентiнiң әкiмi шығып қалғанның орнына сайлауы 2021 жылғы 9 маусымға тағайындалсын.

2. Станционный кентiнiң әкiмi шығып қалғанның орнына сайлауын әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлдi).

3. Осы қаулы Көкшетау қалалық мәслихатына, Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратына және облыстық сайлау комиссиясына жолдансын.

4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Комиссия төрайымыМ. Қалиева

Комиссия хатшысыГ. Ерғалиева

Дата публикации
30 апреля 2021