Бекiтiлген
Көкшетау қалалық аумақтық аумақтық сайлау комиссиясының
2021 жылғы 16 сәуiрдегi No 29/13
Кезектi сайлауды дайындау және өткiзу жөнiндегi аудандық маңызы бар шығып қалғанның орнына Краснояр ауылдық округi әкiмiнiң сайлауын тағайындау туралы 2021 жылғы 26 мамырға негiзгi iс-шаралардың
күнтiзбелiк жоспары
1. Сайлау күнi туралы хабарламаны тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк тұрғындарының назарына жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткiзу.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау тағайындалғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей
3. Әкiмдiкке кандидаттарды балама негiзде аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi әкiмнiң ұсынымын және кандидаттардың тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында әкiмдiкке кандидаттар болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiштерiн беру жолымен ұсыну.
Аудан (қала) әкiмi.
Сайлау күнiне 30 күн қалғанда-2021 жылғы
26 сәуiрден басталады және сайлау күнiне
25 күн қалғанда — 2021жылғы 30 сәуiрiнде аяқталады.
4. Таңдаушылардың тiзiмiн жасау және оны дауыс беруге арналған пунктте iлу.
Тиiстi мәслихат хатшысының ұсынысы
бойынша аумақтық сайлау комиссиясы.
5. Әкiмдiкке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағының талаптарына және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдары, кенттерi әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу қағидаларына сәйкестiгiн анықтау, тиiстi хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Үш күн iшiнде.
6. 2021 жылдың 1 сәуiрiне тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына табысы және мүлкi туралы декларацияны ұсыну
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы).
Кандидат тiркелгенге дейiн.
7. Кандидаттарды тiркеу және тиiстi куәлiк беру.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Барлық қажеттi құжаттарды алғаннан кейiн басталады
және дауыс беру күнiне 15 күн қалғанда —
2021 жылғы 11 мамырда аяқталады.
8. Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе кандидаттарды тiркеу туралы өзге тәсiлмен хабарлау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Кандидаттарды тiркегеннен кейiн 7 күннен кешiктiрмей
9. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы декларацияның дұрыстығын тексеру.
Салық қызметi органдары.
Кандидаттың және оның жұбайының
(зайыбының) декларациясын алған күннен бастап
7 күн iшiнде.
10. Кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркеу және тиiстi куәлiктер беру.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Тiркеу үшiн сенiм адамдардың тiзiмiн берген сәттен бастап.
11. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесу үшiн шарттық негiзде үй-жайлар беру.
Кандидаттардың таңдаушылармен бөлiнген үй-жайда кездесулер кестесiн жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Жергiлiктi атқарушы органдар және жергiлiктi
өзiнөзi басқару органдары.
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу кезеңiнде
12. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу.
Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм бiлдiрген
адамдары. Кандидаттарды тiркеу аяқталған күннен
басталады 11 мамырда сағат 18.00-ден сайлау
күнiнiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша
2021 жылғы 25 мамырда 24 сағатта аяқталады.
13. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тiркеу.
Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм
бiлдiрген адамдары. Кандидат тиiстi аумақтық
сайлау комиссияларына өтiнiш жасаған сәттен
бастап күнтiзбелiк бiр күн iшiнде
(Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының 19.08. 2010 ж. № 7/8)
14. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Кандидатты тiркегеннен кейiн.
15. Дауыс беруге арналған пункттi ашу, тиiстi хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын.
16. Әкiм сайлауын өткiзу. Әкiмдi сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерiн жариялау, әкiмдi сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы. Бiр күн iшiнде 2021 жылғы 26 мамырда.
17. Сайланған әкiмдi тiркеу. Шешiмдi жоғары тұрған әкiмге және тиiстi мәслихатқа ұсыну.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткiзiлген күннен бастап
бес күн мерзiмде — 2021 жылғы 30 мамырдан кешiктiрмей.
18. Кандидаттың сайлау қоры қаражатының пайдаланылуы туралы есептi аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.
Әкiмдiкке кандидаттар.
Сайлау қорытындылары анықталғаннан
кейiн 5 күннен кешiктiрмей — 2021 жылғы
31 мамырдан.
19. Сайлау қорытындылары және сайланған әкiмдi тiркеу туралы хабарламаны жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткiзiлген күннен бастап 7 күннен
кешiктiрмей — 2021жылғы 1 маусымнан кешiктiрмей.
аумақтық сайлау
комиссиясы төраймы М. Калиева