Шығып қалғанның орнына Краснояр ауылдық округi әкiмiнiң сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1 бабы, 10-тармағына, 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қалалық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Краснояр ауылдық округi әкiмiнiң шығып қалғанның орнына сайлауы 2021 жылғы 26 мамырға тағайындалсын.
2. Краснояр ауылдық округi әкiмiнiң шығып қалғанның орнына сайлауын әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
3. Осы қаулы Көкшетау қалалық мәслихатына, Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратына және облыстық сайлау комиссиясына жолдансын.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Комиссия төрайымыМ. Қалиева
Комиссия хатшысыГ. Ерғалиева