Көкшетау қаласының әкімдігі, жұмыскерлер бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған КЕЛІСІМ

                                               I бөлім. Жалпы ережелер

  1. Көкшетау қаласының әкімдігі, жұмыскерлер бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестігінің өкілетті өкілдері (бұдан әрі – Тараптар), Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып:

Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;

мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет, сенім және олардың мүдделерін ымыраға келтіруге барынша қол жеткізу;

әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеу;

жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара әрекет ету қағидаттарын тани отырып, осы Көкшетау қаласының әкімдігі, жұмыскерлер бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған келісімді (бұдан әрі – Келісім) мынадай:

  • жалпы ережелер
  • әлеуметтік әріптестік;

3) экономикалық саясат;

4) халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

5) лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу;

6) әлеуметтік саясат;

7)Келісімді іске асыру және оның орындалуын бақылау бағыты шеңберінде жасасты.

  1. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

 

                                           II бөлім. Әлеуметтік әріптестік

 

  1. Тараптар жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің, мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты.

 

Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:

 

1) халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы теңсіздікті азайту, экономиканы дамыту және жұмыспен қамтуды қолдау, азаматтық қоғамды қалыптастыру және Тараптардың мүдделерін қозғайтын басқа да мәселелер бойынша міндеттерді шешу үшін әлеуметтік әріптестікті қолдану саласын кеңейтуді көздейтін «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заңды әзірлеу арқылы әлеуметтік әріптестік институтын реформалау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

2) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің және жұмыс берушілер бірлестіктерінің өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша рөлін арттыру;

3) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтау;

4) Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі  қалалық үшжақты комиссия (бұдан әрі – қалалық комиссия) туралы жаңа Ережені қабылдауды көздейтін Республикалық комиссияны жаңғырту;

5) тоқсан сайын қалалық комиссияның отырыстарын тұрақты өткізу, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша оның шешімдерін толық, уақтылы және сапалы орындау;

6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу;

7) еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелерін қарау кезінде Тараптар өкілдерінің калалық комисся отырыстарына қатысуы;

8) Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес Тараптардың (жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің) жұмыскерлердің әл-ауқатына және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін мәселелерді бірлесіп қарау құқығын көздейтін екіжақты әлеуметтік әріптестік институтын дамыту;

9) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, оларды шешудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру, сондай-ақ Көкшетау қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу практикасын дамыту;

10) жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу.

 

 

III бөлім. Экономикалық саясат

 

  1. Тараптар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша орта мерзімді мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономикалық саясатты дамытуға бағытталған шараларды қабылдауға уағдаласты және өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

Көкшетау қаласының әкімдігі:

1) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шараларының атаулылығын кеңейту және арттыру бойынша шаралар қабылдау;

2) мемлекеттің үлесі мен қатысу деңгейінің аражігін нақты ажырата отырып, «шешімдер топтамасы» шаралар кешенін айқындау жолымен ішкі және/немесе сыртқы нарықтарда қатысуын ұлғайтуға қабілетті кәсіпорындарды ынталандыруды қамтамасыз ету;

3) бизнестің банктік кредиттеуге тәуелділігін төмендету үшін микрокредит беруді, факторингті, қор нарығының мүмкіндіктерін кеңейту арқылы банктік кредиттеуге баламаларды дамытуды қамтамасыз ету;

4) кәсіпкерлерге қызмет түрлері мен өз бизнесін дамыту, өкілеттілігін және қаржыландыруды көтеру бойынша кеңестер беру, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастырубойынша «Бизнеске арналған үкімет» қызметтер көрсетудің бірыңғай кеңсесі қағидаты бойынша мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматын қолдау;

         5) сыртқы нарыққа бағытталған толыққанды экономиканы оның ішінде, агроөнеркәсіп секторын реформалау жолымен қалыптастыруға қатысу;

         6) жеке капиталды тарту немесе мемлекеттік –жекеменшік әріптестік (бұдан әрі- МЖӘ) жағдайында өнімдерді өңдеу, сақтау және тасымалдаудың толыққанды инфрақұрылымын құруды қамтамасыз ету;

         7) кәсіпкерлікті келесі жолдармен дамытуды қамтамасыз ету:

         мемлекеттік реттеуді жұмсарту, «таза беттен» реттеу механизмін енгізу, нарыққа кіру және бизнесті жүргізу процестері бойынша кедергілерді азайту;

мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын кеңейту жолымен жаңа толқынды тарту үшін шара қолданады, оның ішінде:

бизнестің жекеменшік инвестициялардың негізгі объектілерінде инженерлік-коммуникациялық инфақұрылым құруға шыққан шығындарын қайтару мақсатында инвестицияның негізгі объектілері үшін анықталған жағдайларға қол жеткізгеннен кейін «қайтарымды МЖӘ» енгізу;

стратегиялық инвесторлар үшін жеңілдетілген салықтық мерзім аяқталғаннан кейін туындайтын салықтық міндеттемелерге қарсы есептеу жолымен жоба құнының күрделі шығындарының бөлігін қалпына келтіру;

экономика үшін маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын стратегиялық инвесторлар үшін мүмкіндіктер ұсыну, жеңілдіктер мен преференциялар ұсыну тәртібі мен ерекше жағдайларды көздейтін инвестициялар туралы Келісім жасау;

институционалдық ортаны жетілдіру, заңнамаларды одан әрі жақсарту және оны әкімшілендіру, сондай-ақ инвесторлармен жұмыс істеу бойынша цифрландыру процессі арқылы инвестициондық қауымдастықпен қарым-қатынас тетіктерін нығайту.

 

Тараптар бірлесіп:

1) салықтық әкімшілендіруді жеңілдету жөніндегі шараларға қатысуға;

2) импортты алмастыруды ынталандыруға және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға салық-бюджет саясатын дамыту шараларын қабылдауға;

3) нысаналы индикаторларға қол жеткізу негізінде де, әсерді контрфактивтік бағалау негізінде де субсидиялар мен қолдау шараларының тиімділігін мониторингтеу мен бағалау жүйесін дамытуға;

4) мемлекеттік сатып алу жүйесінің, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың ашықтығын қамтамасыз етуге;

5) ауыр бұзушылықтар бойынша жауапкершілікті қатаңдата отырып, болмашы құқық бұзушылықтарға «жұмсақ құқық» құралдарын неғұрлым кеңінен қолдануға көше отырып, бәсекелестікті дамыту жөніндегі проактивті мемлекеттік саясатты енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруға;

6) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі-ЭЫДҰ) елдерінің озық практикаларын қолданып квазимемлекеттік сектор мен  жекеменшік бизнес арасындағы бәсекелестік ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға;

7) озық практикалар мен ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) стандарттарын имплементациялау жөніндегі, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының ( бұдан әрі-БҰҰ) Тұрақты даму мақсаттарын ұлттық және жаһандық деңгейлерде іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға;

8) Көкшетау қаласында бәсекелестікті дамыту стандарттарының жүйесін қалыптастыруға уағдаласты.

 

IV бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету

 

  1. Тараптар еңбек нарығын дамытуға және халық табысының өсуін арттыру үшін халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты және өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

Көкшетау қаласының әкімдігі:

1) жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жағдай жасайды, оның ішінде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оның ішінде онлайн режимде;

- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;

- «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша жағдайлар жасайды;

2) жұмыспен қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге және қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асырады;

3) жалдау мен жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын дамыту және енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізеді;

4) білім беру жүйесін еңбек нарығының қажеттілігіне және оның даму перспективаларына сәйкес кадрлар даярлауға бағдарлайды;

5) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді;

6) әлеуметтік сақтандыру арқылы нәтижелі және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыратын болады;

7) жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асырады;

8) шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғайды;

9)жұмысқа орналастырудың мобильдік пунктарын ұйымдастыру шеңберінде жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша уақытылы шараларды жүзеге асырады;

10) жұмыс берушілерге мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жәрдем көрсетеді.

 

Жұмыс берушілер бірлестігі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

2) жұмыс берушілерге қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар практикасын өткізу үшін жұмыс орындарын хабардар етеді және жәрдемдеседі;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруын қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының стандарттарын сақтай отырып, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындау бойынша жұмыс берушілердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;

5) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін мамандықтар бөлінісінде бос орындардың болуы туралы мәліметтерді және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына, оның ішінде «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

6) жұмыс берушілердің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері (ұйым ішінде) болып табылатын заңды тұлғаларға (филиалдарға, өкілдіктерге және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерге) қысқартылатын жұмыскерлердің бар бос орындарға ауысуын жұмыс берушілерге қамтамасыз етеді;

7) «Бірінші жұмыс орны» жобасы шеңберінде жастарды жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілерге жәрдемдеседі;

8) кандидаттардың біліктілігі тең болған кезде (жұмыскердің білім деңгейін, білімін, іскерлігін, кәсіптік дағдылары мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып) қазақстандық мамандар үшін жұмыс берушілердің жұмысқа орналасуға басым құқық беруді арқылы шетелдік мамандарды біртіндеп қазақстандық мамандармен ауыстыруды және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен біртіндеп ауыстыруды қамтамасыз етеді;

9) жастардың аға буыны жұмыскерлерінің тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін тәлімгерлік бойынша жұмысты күшейтеді;

10) жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтауын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

11) ұйымдарды қайта құрылымдау процесінде жұмыс берушілердің жұмыскерлерді жаппай босатуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

 

Жұмыскерлер бірлестігі:

1) бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысшы кәсіптері мен мамандықтарын танымал етуді жүзеге асырады;

2) жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

 

Тараптар бірлесіп:

1) жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету, өнімділігі төмен салаларда, экономиканың бейресми секторында жұмыспен қамтылғандарды және жұмыссыздарды қолдауға бағдарлауды сақтау, еңбек нарығының инфрақұрылымын жетілдіру және жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ресімдеу арқылы қолда бар еңбек ресурстары өнімділігінің өсуіне жәрдемдесуге;

2) елде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ 2023 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,0 %-дан аспайтын деңгейде сақтау жөніндегі жұмысты жүргізуге;

3) елде еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың жалпы санынан жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесін 2023 жылға қарай 17 % қамтамасыз етуге;

4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжамдау, еңбек нарығы туралы хабардар ету жүйесін жетілдіруге қатысу;

5) экономика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге;

6) еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыруға;

7) жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын және жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім берудің білім сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдауға;

8) мынадай:

кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың салалық бағдарламаларын әзірлеу;

кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту;

жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді өндірісішілік оқытуды және озыңқы кәсіптік оқытуды дамыту;

кадрлардың кәсіби ұтқырлығы мәселелері бойынша консультациялар өткізуге;

9) экономика салалары бөлінісінде «Жаңа кәсіптер атласын» әзірлеуге, өзектілендіруге және қолдануға қатысуға.

10) «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізуге қатысуға уағдаласты.

 

V бөлім. Лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу

 

  1. 1. Тараптар қолайлы, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға, гендерлік теңдікке, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауға, жұмыскерлердің еңбек әлеуетін дамытуға, оның ішінде жұмыскерлердің өндірістік шешімдер қабылдауға қатысуы арқылы дамытуға бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты және өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

Көкшетау қаласының әкімдігі:

1) тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешу үшін табыстары жеткіліксіз азаматтарға: 5-10-20 бағдарламасы бойынша, «Отбасы банк» арқылы жалдамалы тұрғын үй құрылысына көзделген қаражаттың бөлігін қайта бағдарлап жалдамалық төлемді субсидиялау  механизмін енгізіп тиімді әлеуметтік қолдау көрсету;

2) қашықтықтан жұмыс істеуді реттеуді жетілдіру бөлігінде еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу мәселесіне ұсыныстар енгізеді;

3) жалпы үрдістерді анықтау және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруды анықтау және талдау жөніндегі жаңа әдістер мен құралдарды енгізуді қамтамасыз етеді;

4) Көкшетау қаласының аумағында төтенше жағдайлар басталған кезде жұмыс берушілердің (кәсіпорындардың, ұйымдардың) шығыстарын мемлекеттік бюджеттен ішінара субсидиялау (өтеу) мәселесін қарайды;

5) өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселесін қарайды;

6) қауіпсіз, экологиялық таза қоршаған ортаны құру, табиғи ресурстарды теңгерімді пайдалану жолымен өмір сүру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді;

7) еңбек қызметіне байланысты зиянды еңбек жағдайларында және жазатайым оқиғаларда жұмыс істейтін жұмыскерлердің статистикалық есептілігі мен оларды есепке алу жүйесін жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау жай-күйінің мониторингі жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді.

 

Жұмыс берушілер бірлестігі:

1) жұмыс берушілердің еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаппай енгізуіне жәрдемдеседі;

2) жұмыс берушілердің кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды, нормалар мен стандарттарды сақтауына және жұмыс берушілердің қажетті ресурстарды (материалдық, кадрлық, техникалық және т. б.) бөлуіне жәрдемдеседі;

3) жұмыс берушілердің әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру үшін, оның ішінде келісімдер мен ұжымдық шарттар шеңберінде жағдайлар жасауына ықпал етеді;

4) жұмыс берушілердің жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі алдын алу шаралары кешенін, оның ішінде:

өндірістік жарақаттанудың алдын алу;

ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізу;

кәсіптік тәуекелдерді басқару тетіктерін өндірістік практикаға енгізу шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

5) жұмыс берушілердің жалақыға және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарға арналған қаражатты өзге мақсаттарға пайдалануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

6) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға келісімдерде, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалатын мөлшерде, бірақ жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес ай сайынғы қосымша ақыны жүзеге асыру мәселесі бойынша, сондай-ақ жұмыс берушінің қаражаты есебінен мамандандырылған білім беру ұйымдарында олардың жыл сайынғы оқуын өткізу консультациялар өткізеді;

7) ұқсас және біліктілігі бірдей жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеу саласында жұмыс беруші тарапынан кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз етеді.

 

Жұмыскерлер бірлестігі:

1) қалалық үшжақты келісімде және ұжымдық шарттарда бекітілген талаптарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жандандырады;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізуі бөлігінде жандандырады;

3) ұжымдық-шарттық қатынастарды, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда жасалған электрондық еңбек шарттарын тарату жөніндегі ақпараттық науқандарды жүргізеді;

4) еңбек ұжымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттар мен аурулардың ауқымы мен салдарын талдамалық баяндамалар дайындау арқылы түсіндіреді.

 

Тараптар бірлесіп:

1) 2021 жылы Халықаралық еңбек ұйымы ұсынатын Лайықты еңбек тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлеуге жәрдемдесу;

2) әзірленген ұсыныстарды кейін уәкілетті мемлекеттік органдарға практикалық іске асыру үшін жібере отырып, Республикалық комиссияның, оның жұмыс топтарының, салалық және өңірлік комиссиялардың отырыстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру жай-күйі мәселелерін қарауға;

3) 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:

әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерін;

ана ме баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуді;

балаларды күтумен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерге тең қолдау көрсетуді;

әйелдер мен ерлердің еңбекақысындағы теңдікті;

басқару функцияларын жүзеге асыратын әйелдердің үлесін кеңейтуді қамтамасыз ететін шаралар қабылдауға;

4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша:

еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге;

өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;

жастардың оң қоғамдық бастамаларын қолдау және ынталандыруға бағытталған шараларды қабылдауға;

5) еңбекті қорғауды басқару жүйесі нәтижелілігінің төменде көрсетілген:

өндірістік жарақаттану деңгейін (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті) 2023 жылға қарай 0,26-ға дейін азайту;

ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағын (ірі және орта кәсіпорындар арасында) 2023 жылға қарай
94,2%-ға дейін ұлғайту;

зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің үлес салмағын 2023 жылға қарай 20%-ға дейін қысқарту көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыруға қатысуға;

6) республика кәсіпорындарын «VizionZero» халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының бағдарламасына қосу жөніндегі ақпараттық науқанды жалғастыруға;

7) жұмыс беруші экономикалық дәрменсіз (банкрот) болған жағдайда жұмыскерлердің ақшалай өтемақы алуға құқықтарын қорғау жөнінде шаралар әзірлеу және қабылдау үшін консультациялар өткізуге;

8) кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құруға, сондай-ақ олардың тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуге;

9) еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің қазіргі заманғы стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізуге уағдаласты.

 

VI бөлім. Әлеуметтік саясат

 

  1. 1. Тараптар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды олардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жағдай жасау және мынадай әлеуметтік шешімдер қабылдау және іс-шаралар өткізу жолымен қабылдауға уағдаласты.

 

Тараптар әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:

1) еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақының шекті мәнін ұлғайту мәселесін қарау, қажетіне қарай қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс (қажет болған жағдайда) дайындау ;

2) Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарына сәйкес, оның ішінде табысы аз азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруды көздейтін ең төмен мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды және әлеуметтік қамсыздандыру нормаларын кезең-кезеңімен арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

3) азаматтарға міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің кепілдік берілген түрлерін қамтамасыз ету;

4) әлеуметтік төлемдерді цифрландыру шеңберінде азаматтың «Әлеуметтік әмияны» цифрлық платформасын енгізу;

5) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;

6) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін кеңейту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

7) мүгедектігі бар жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдауды күшейту, сондай-ақ олардың қоғамға кірігуі үшін тең жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау;

8) ерікті зейнетақы, медициналық, әлеуметтік сақтандыру жүйелерін дамыту;

 

             VII бөлім. Келісімді іске асыру және оның орындалуын бақылау

 

  1. Тараптар осы Келісім экономика, еңбек, жұмыспен қамту және жұмыскерлер үшін әлеуметтік кепілдіктер саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын іске асыру жөніндегі келісілген іс-қимылдар мен шараларға бағытталған әлеуметтік әріптестіктің базалық құжаты болып табылатынына келісті және оның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты:

1) Келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде Келісімді іске асыру және оны одан әрі қарау бекіту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

2)Тараптардың әрқайсысы Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға құқылы, олар барлық тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданады, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамамен ресімделеді және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін ол ресми жариялануға тиіс. Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіріледі;

3) Келісімді іске асыруға қатысты мәселелер жөніндегі қалалық комиссияның шешімдері осы Келісімді іске асыру нысандарының бірі болып табылады;

4) Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу негізінде қалалық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен Келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

5)Тараптардың әрқайсысы салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысатын байқаушылар тобына енгізу үшін өз өкілдерін айқындайды және бұл туралы қалған тараптарды хабардар етеді;

6) Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған тәсілдер мен индикаторларға сәйкес лайықты еңбектің мақсаттары мен қағидаттарын ілгерілету:

халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі, %;

халықтың жұмыссыздық деңгейі, %;

NEET жастарының үлесі, %;

жалпы жұмыспен қамтудағы бейресми сектордың үлесі, %;

жалақы деңгейі төмен жұмыспен қамтылғандардың үлесі (сағаттық жалақының үштен екі медианасынан төмен), %;

жұмыс сағаттарының шамадан тыс ұзақтығымен жұмыспен қамтылғандардың үлесі (аптасына 48 сағаттан астам), %;

балалар еңбегі (15-17 жас аралығындағы топта жұмыспен қамтылғандар үлесі), %;

15-17 жастағы (18 жасқа толмаған) адамдар арасындағы қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін балалардың үлесі, %;

жынысы бойынша қызмет (кәсіп) түрлеріндегі сегрегация;

жалақыдағы гендерлік алшақтық, %;

өліммен аяқталған өндірістік жарақаттану деңгейі (100 000 жұмыс істейтін адамға), адам;

өлімге әкелмейтін өндірістік жарақаттану деңгейі (100 000 жұмыс істейтін адамға), адам;

өндірістік жарақаттану нәтижесінде жоғалған уақыт;

зейнетақы алатын халықтың үлесі (еңбек зейнетақысы), %;

үй шаруашылықтарының жеке қаражаты есебінен емес қаржыландырылатын денсаулық сақтауға арналған шығыстар, %;

мектепке бармайтын балалар (жас тобынан % );

еңбек өнімділігінің индексі;

табыстарды бөлудегі теңсіздік;

тұтыну бағаларының индексі;

Экономикалық қызмет салалары бойынша жұмыспен қамту;

ЖІӨ-дегі еңбекақы үлесі, %.

  1. Келісімнің күші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жіберуші Тараптың жұмыскерлеріне, жұмыскерлеріне, кәсіптік одақтар бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), жұмыс берушілер бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), жұмыс берушілерге, сондай-ақ қабылдаушы Тарапқа, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады.
  2. Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және жаңа келісім қабылданғанға дейін 2023 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірілмей жасалуға тиіс келесі кезеңге қолданылады.
  3. 4. Көкшетау қаласының әкімдігі келісімге қол қойылғаннан кейін оны Көкшетау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
  4. 5. Келісім Көкшетау қаласында 2021 жылғы «___» _________ Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 данада жасалды.

 

 

Осы Бас келісімге мыналар қол қойды:

 

Көкшетау қаласы әкімдігі атынан:

 

Көкшетау қаласы

әкімінің орынбасары

У.Б.Бейсембаев                                                         _____________________

 

 

Жұмыскерлер бірлестігі атынан:

 

«Ақмола облысының кәсіподақ орталығы»

КАБ төрағасының орынбасары

Г.А.Әбдірахманова                                                   _____________________

 

Жұмыс берушілер бірлестігі атынан:

 

«Ақмола облысының кәсіпкерлер

Ассоциациясы» ОҚБ төрайымы

М.С.Әбішева                                                              _____________________

 

Көкшетау қаласының әкімдігі, жұмыскерлер бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған КЕЛІСІМ
Дата публикации
12 апреля 2021