|
|
Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар;
2) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
3) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;
4) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;
5) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
6) тұрғынжайды жекешелендіру – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғынжайларды меншігіне сатып алуы;
7) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ротациясын жүзеге асырған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;
8) қызметтік тұрғын жайға теңестірілген тұрғын жай – коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін тұрғын жай;
8-1) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай – Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз ақылы пайдалануға берілетін тұрғынжай;
9) жатақхана – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;
10) тұрғын үйдің қалдық құны – тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің бастапқы құны;
11) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш берген тұлға;
12) тұрғынжайды жалдау шарты – оған сәйкес жалдауға беруші жалдаушыға тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін ақы төлеп пайдалану құқығын беретін шарт;
13) жалдаушы – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;
14) бюджеттік ұйымдар - мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;
15) ведомстволық тұрғын үй қоры – мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған, тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғын үйлер;
16) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – Портал) –www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттар бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2015 № 1072 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын жайларға теңестiрiлген тұрғын жайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Ғарыш қызметі саласында он бес жылдан астам жұмыс өтілі бар ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер тұрғын жайды өтеусіз жекешелендіреді.
Қызметтiк тұрғын жайға теңестiрiлген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы;
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғынжайды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Қызметтiк тұрғын жай берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғын үйлер берілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар, егер олар қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрған болса, өздері тұратын қызметтiк тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін күнтiзбемен есептегенде он және одан да көп жыл әскери қызметте болған әскери қызметшiлер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген қызметтiк тұрғын жайды осы Қағидаларда көзделген шарттарда және тәртiппен (жабық және оқшауландырылған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан тұрғынжайларды қоспағанда) жекешелендiруге құқылы.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін күнтiзбемен есептегенде он бес және одан да көп жыл әскери қызметте болған әскери қызметшiлер күнтiзбемен есептегенде әскери қызметтiң жиырма жылы өткеннен кейiн қызметтiк тұрғын үйдi өтеусiз жекешелендiруге құқылы.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрғын үй-жайды өтеусіз жекешелендiруге құқылы.
Қызметтiк тұрғын жайға теңестiрiлген тұрғын жай берілген әскери қызметші немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Осы тармақта көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады.
Көрсетілген жеңілдіктер кемінде жиырма жыл қызмет атқарған, әскери атақтарға ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға да қатысты қолданылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Тұрғынжай берілген Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда, оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
2) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығу салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жаралану, контузия алу, мертiгу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді және қызметкерлерді қоспағанда, күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
7-1) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің отбасы мүшелері, бейбіт уақытта әскери қызмет міндетін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлеріне ауысады;
9) күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген ішкі істер органдарының қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген қызметкерлер, сондай-ақ күнтiзбемен есептегенде он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген және мүгедек балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер құқылы. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын жайды жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
10) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
11) саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, сондай-ақ "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар;
12) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 637 қаулысымен.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.10.2018 № 637; 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) олардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда, жекелеген жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;
1-1) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай ретінде ұсынылатын;
2) уақытша құрылыстардағы;
3) белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;
4) одан әрі тұруға жарамсыз болуына байланысты тұрғын емес үй-жайлар етіп қайта жабдықталуға тиіс;
5) әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектiлердің аумағында орналасқан;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан;
7) бұзылуға тиіс;
8) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген;
8-1) ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындау кезеңіне ведомстволық тұрғын үй қорынан берілген;
9) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген төсектік үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар да жекешелендіруге жатпайды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 26.12.2015 № 1072 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы кейіннен оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруына кедергі болмайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11-1. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса;
3) жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан – жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиялары;
2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан – мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй комиссиялары;
3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан – мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары.
Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш;
2) қызмет алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктері (қажет болуына қарай ақпараттық жүйеде мәліметтер жоқ болған жағдайда);
4) жалдау шартының не тұрғынжай ордерінің көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;
6) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжатты қосымша ұсынады;
7) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;
9) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат;
10) Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжат.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтері (2007 жылғы тамыздан кейін), меншік құқығында оларға тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтер, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтер, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері отбасының барлық мүшелеріне көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Заңда және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) мемлекеттiк мекемелер "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына;
2) мемлекеттiк кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептейді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның және коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына тұрғынжайды беру күнтізбелік он бес күн ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
19-1. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы қабылданған шешім туралы және Беру қағидаларына сәйкес ресімделген мүлікті қабылдау-беру актісі (беру актісі) туралы мәліметтерді жұмыс органы Порталға тұрғынжайға құқықтар құқықтық кадастрда қайта тіркелген күннен бастап үш күндік мерзімде енгізеді.
Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тұрғын үйді меншікке өтеусіз алған кезде төлем жүргізілмейді.
Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарттың ажырамас қосымшасы болып табылатын тұрғын үйдің құнын төлеу кестесінде бөліп-бөліп төлеуді ескере отырып, төлемнің жалпы сомасы көрсетіледі.
Тұрғын үй құнының жартысынан көбін төлеген өтініш беруші кесте бойынша алты айдың ішінде тұрғын үйдің құнын төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты бұзбай сот тәртібінде берешекті өндіріп алады.
|
|
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын |
Тұрғын үйді жекешелендіру туралы
№ ____ үлгі шарт
______________________________ 20__ ж. "___" ____________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің
және елді мекеннің атауы)
____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
бұдан әрі "Меншік иесінің өкілі" деп аталатын _______________________
атынан ______________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
және бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын (бұдан әрі "Тараптар"
аталатын) ____________________________________________________ азамат
(Т.А.Ә.)
төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1) "Меншік иесінің өкілі" тұрғын үйге меншік құқығын береді, ал
"Сатып алушы" және онымен бiрге тұрақты тұратын отбасы мүшелерi, оның
ішінде уақытша болмаған адамдар _____________________________________
_____________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.)
мынадай мекенжай бойынша орналасқан _________________________________
_____________________________________________________________________
тұрғын үйдің құнын 20__ жылғы "___" ___________________ дейін төлейді
(тұрғын үйдің құнын бөліп-бөліп төлеген жағдайда төлем осы шартқа
қосымшаға сәйкес тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі бойынша
жүргізіледі) және ортақ бірлескен жеке меншікке тұрғын үйді сатып
алады.
2) Тұрғын үй мыналардан тұрады:
жалпы алаңы ____ м2, оның ішінде тұрғын алаңы ___ м2, тұрғын
емес алаңы ___ м2.
3) Тұрғын үй меншікке сатып алынғанда "Сатып алушыға"
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес беріледі.
4) Тұрғын үйдің құны __________________________________________
(цифрлармен және жазумен)
теңге сомасында деп белгіленді.
5) "Сатып алушы" күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйдің
құнына сомасындағы ______________________________ ақысын төлейді, бұл
(цифралармен және жазумен)
20__ жылғы "___" __________ № _____ құжатпен расталады не осы шартқа
қосымшаға сәйкес Тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі бойынша тұрғын
үйдің құнын _____________ жылға дейінгі мерзімге бөліп-бөліп төлейді.
6) Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген
күнінен бастап пайда болады.
Тұрғын үйге меншiк құқығының пайда болуы үшін негіз осы
тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұрғын үйдің құнын толық төлеу
болып табылады.
толтырылады).
1) "Меншік иесінің өкілі" тұрғын үйге меншік құқығын береді, ал
"Сатып алушы" және онымен бiрге тұрақты тұратын барлық отбасы
мүшелерi, оның ішінде уақытша болмаған адамдар ______________________
_____________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.)
мынадай мекенжай бойынша орналасқан _________________________________
_____________________________________________________________________
тұрғын үйді ортақ бірлескен жеке меншікке сатып алады.
2) Тұрғын үй мыналардан тұрады:
жалпы алаңы ____ м2, оның ішінде тұрғын алаңы ___ м2, тұрғын
емес алаңы ___ м2.
3) Тұрғын үй меншікке сатып алынғанда "Сатып алушыға"
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес беріледі.
4) Тұрғын үйдің құны __________________________________________
(цифрлармен және жазумен)
теңге сомасында деп белгіленген.
5) Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген
күнінен бастап пайда болады.
Осы шартқа Таптардың қол қоюы тұрғын үйге меншік құқығының
пайда болуына негіз болып табылады.
1) "Сатып алушыға" сотқа бергенге дейін күнтізбелік отыз күн
бұрын хабарлама жібере отырып, азамат тұрғын үйдің құнын төлем
кестесі бойынша төлемеген жағдайда осы шартты сот тәртібінде бұзуға;
2) осы шарт бойынша төлемнің уақытында және толық аударылуына
бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
1) тұрғын үйдің толық құнын төлей отырып не тұрғын үйді өтеулі
сатып алған кезде он жыл мерзімге дейін бөліп-бөліп төлеу арқылы
жекешелендіруге;
2) тұрғын үйді бөліп-бөліп өтеулі сатып алған кезде
жекешелендірілетін тұрғын үйдің құнын мерзімінен бұрын өтеуге;
3) тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты жасау мен оны бұзуға
дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін меншік иесінің өкіліне төлемнің сомасын қайтара
отырып, өзінің бастамасы бойынша осы шартты бұзуға құқылы.
1) "Сатып алушыға" сотқа бергенге дейін күнтізбелік отыз күн
бұрын сот тәртібінде осы шартты бұзу туралы хабарлама беруге;
2) осы шарт бойынша, оның ішінде он жылға дейін бөліп-бөліп
төлеу тәртібінде тұрғын үй құнының төлемін қабылдауға;
3) тұрғын үйдің құнын бөліп-бөліп төлеуді көздейтін тұрғын үйді
жекешелендіру туралы шартты бұзған кезде тұрғын үйді жекешелендіру
туралы шартты жасау мен оны бұзуға дейінгі уақыт аралығында
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын
үйдің құнын төлеу үшін төленген соманы шегере отырып, тұрғын үйді
жекешелендіретін азаматтарға тұрғын үйдің құнын өтеу үшін енгізілген
сомасын қайтаруға;
4) тұрғын үйдің құнын толық төлеген кезде мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрып жатқан тұрғын үйді "Сатып алушының" меншігіне беруге
(тұрғын үйді өтеулі сатып алған кезде);
5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрып жатқан тұрғын үйді
"Сатып алушының" меншігіне беруге (тұрғын үйді өтеусіз сатып алған
кезде) міндетті.
1) тұрғын үйді өтеулі сатып алған кезде төлеуге;
2) тұрғын үйді бөліп-бөліп төлеумен өтеусіз сатып алған кезде
осы шартпен белгіленген тұрғын үйдің құнынан отыз пайыздан кем емес
мөлшерде бастапқы жарна енгізуге, сондай-ақ осы шартқа қосымшаға
сәйкес тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі бойынша тұрғын үйдің құнын
төлеуге;
3) осы шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттемелерін үшінші
тұлғаларға бермеуге;
5) "Меншік иесінің өкілі" сұрау салған кезде тұрғын үйдің құны
төленгенін растайтын құжаттарды ұсынуға;
6) тұрғын үйді өтеулі сатып алған кезде тұрғын үйдің құны толық
төленгеннен кейін тұрғын үйді меншікке қабылдауға міндетті.
тілдерінде "Сатып алушы", "Меншік иесінің өкілі" үшін екі данада
жасалады және ол Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
"Меншік иесінің өкілі" "Сатып алушы"
___________________________ ________________________
___________________________ ________________________
(деректемелері), М.О. (деректемелері)
|
|
Тұрғын үйді жекешелендіру |
Тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі
20__ жылғы
|
№ |
Төленетін сома (теңгемен) |
Төлеудің тиісті мерзімі (күні, айы, жылы) |
Төлеудің нақты мерзімі (төлемді растайтын түбіртектің немесе құжаттың нөмірін көрсете отырып) |
|
|
|
1 |
|
20 ж. " " қаңтар |
20 ж. " " № |
|
|
|
2 |
|
20 ж. " " ақпан |
20 ж. " " № |
|
|
|
3 |
|
20 ж. " " наурыз |
20 ж. " " № |
|
|
|
4 |
|
20 ж. " " сәуір |
20 ж. " " № |
|
|
|
5 |
|
20 ж. " " мамыр |
20 ж. " " № |
|
|
|
6 |
|
20 ж. " " маусым |
20 ж. " " № |
|
|
|
7 |
|
20 ж. " " шілде |
20 ж. " " № |
|
|
|
8 |
|
20 ж. " " тамыз |
20 ж. " " № |
|
|
|
9 |
|
20 ж. " " қыркүйек |
20 ж. " " № |
|
|
|
10 |
|
20 ж. " " қазан |
20 ж. " " № |
|
|
|
11 |
|
20 ж. " " қараша |
20 ж. " " № |
|
|
|
12 |
|
20 ж. " " желтоқсан |
20 ж. " " № |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қызмет бабында пайдалану үшін
РҚАО-ның ескертпесі!
"Қызмет бабында пайдалану үшін" грифімен берілген 2-қосымша "Заң" деректер базасына енгізілмейді.