Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2014 жылы 10 желтоқсанда № 9950 тiркелдi.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 64-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң Бюджеттiк жоспарлау және болжамдау департаментi (Т.М. Савельева) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберiлуiн;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.
МинистрБ.Сұлтанов
"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
________________ Е.Досаев
2014 жылғы 11 қараша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2014 жылғы 31 қазандағы
№ 470 бұйрығымен бекiтiлдi
Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда — ҚР Қаржы министрiнiң 21.08.2017 № 507 (мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне (бұдан әрi — Кодекс) сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесi!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген — ҚР Қаржы министрiнiң 19.01.2021 № 28 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
2. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу үдерiсi:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзiрлеудi және оны жергiлiктi атқарушы органның мақұлдауын;
2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерiн, жаңа бастамаларға арналған лимиттердi айқындау;
3) халық қатысатын бюджеттi iске асыру;
4) жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдерi, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер көрсеткiштерi бар жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдердi және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын қалыптастыруды;
5) жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеудi қамтиды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң Бiрiншi орынбасары — ҚР Қаржы министрiнiң 12.03.2020 № 254 бұйрығымен.
3. Кодекстiң 61-бабының 8-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары айқындайтын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердiң бюджеттерiнен қаржыландырылатын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерiн, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жаңа бастамаларға арналған лимиттерiн қоспағанда, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерiн, жаңа бастамаларға арналған лимиттердi тиiсiнше бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар айқындайды. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерi, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобалары бойынша қабылданған мемлекеттiк мiндеттемелер, оның iшiнде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер, жоспарлы кезеңге арналған тиiстi бюджет тапшылығының мөлшерi негiзiнде айқындалады.
Кодекстiң 65-1-бабына сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерi, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен айқындалады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Қаржы министрiнiң 12.01.2018 № 19 бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесi!
4-1-тармақпен толықтыру көзделген — ҚР Қаржы министрiнiң 19.01.2021 № 28 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
2-тарау. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен
қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк
бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдердi әзiрлеу
5. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi толық көлемде және бюджеттiк бағдарламалардың жобаларын әзiрлейдi және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
Нәтижелердi бағалау жүргiзiлген жағдайда Қағидалардың осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Қаржы министрiнiң 12.01.2018 № 19 бұйрығымен.
6. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлiнедi.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi, оның iшiнде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және жергiлiктi атқарушы органның басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
кейiннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға;
макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
7. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi шығыстарының көлемiн базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк комиссиясы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөледi.
Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде айқындалады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген өңiрдi дамыту басымдықтарын, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторинг нәтижелерiн, нәтижелердi бағалауды ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөлуге жатады.
8. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебiнен де, алдыңғы жоспарлы кезеңде облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
9. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептеулер жасалмайды.
Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептеулер үшiншi жылға ғана жасалады.
Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда шығыстар түрлерi бойынша есептер осы бағдарламаларға (кiшi бағдарламаларға) жоспарланатын жоспарлы кезең жылдары бөлiнiсiнде жасалады және ұсынылады.
10. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган есептi қаржы жылындағы жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын талдаудың және аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және бюджеттiк бағдарламалардың көрсеткiштерiне қол жеткiзу тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерiн ескере отырып:
1) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына, бюджеттiк бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуi тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттiк өтiнiмдердi қарау кезiнде әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеу кезiнде бағдар ретiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге арналған бағалар дерекқоры да пайдаланылады;
2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламалар жобалары нәтижелер көрсеткiштерiн таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткiштерiнiң аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жетiмдiлiк дәрежесi тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң функцияларына, өкiлеттiктерiне, қызметiнiң бағыттарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Қаржы министрiнiң 12.01.2018 № 19 бұйрығымен.
11. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тиiстi жоспарлы кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдерiн қарау кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган:
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттiк бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесi жоспарлы кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмде ұсынылған бюджеттiк бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылу нәтижелерiн, әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерiлмеуiне әкеп соқтырған себептердi;
2) аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және бюджеттiк бағдарламалардың көрсеткiштерiне қол жеткiзу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
3) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi өтiнiм берген шығыстарды оның негiздiлiгi тұрғысынан қарау бөлiгiнде өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы есепке облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары берген қорытындылары мен ұсынымдарын ескередi;
4) мемлекеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттiк инвестицияларды iске асырудан экономикалық және әлеуметтiк қайтарымдылықтың ұзақ мерзiмдi көрсеткiштерiн ескере отырып, мониторингiлеу мен бағалау нәтижелерi ескерiледi;
5) бюджеттiк кредиттер бойынша кредиттiк шарт талаптарының орындалуы және бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы ескерiледi;
6) нысаналы даму трансферттерi бойынша бюджеттiк бағдарламалардың жобаларында көзделген жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың нәтижелерiне қол жеткiзiлуiн талдауды нысаналы даму трансферттерi бойынша ескередi.
Бюджеттiк өтiнiмнiң жасалуы мен үсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган оны қарамастан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Қаржы министрiнiң 12.01.2018 № 19 бұйрығымен.
12. Қайтарылған жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдердi пысықтайды және оларды қайтарылған күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк өтiнiмдердi, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келiп түскен күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк өтiнiмдер және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына жолдайды.
13. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы Қағидалардың 10 және 12-тармақтарында көрсетiлген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.
14. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде пысықталған бюджеттiк өтiнiмдердi, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
2-1-тарау. Халық қатысатын бюджеттi iске асыру
Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды — ҚР Премьер-Министрiнiң Бiрiншi орынбасары — ҚР Қаржы министрiнiң 12.03.2020 № 254 бұйрығымен.
14-1. Халық қатысатын бюджет — азаматтардың жергiлiктi бюджет қаражатын бөлуге мүмкiндiгiне қатысуы.
Жобалық ұсыныс — Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн Қазақстан Республикасы азаматы дайындаған және берген, iске асырылуы әкiмдiктiң (әкiм аппаратының) құзыретiне жататын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресiмделген құжат. Үлгiлiк жобалық ұсыныстарды әкiмдiк (әкiм аппараты) ресми интернет-ресурста орналастырады.
Дауыс беру — әкiмдiктiң (әкiм аппаратының) интернет-ресурсында электронды түрде дауыс беру жолымен жобалық ұсыныстар арасында жеңiмпаздарды анықтау процесi.
14-2. Халық қатысатын бюджет республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда және астанада iске асырылады. Бұл ретте аудандары бар республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және аудандары бар облыстық маңызы бар қалаларда халық қатысатын бюджеттер қаладағы аудандар деңгейiнде ғана iске асырылады.
14-3. Аудандары жоқ облыстық маңызы бар қала әкiмдiгi, қаладағы аудан әкiмiнiң аппараты тиiстi аумақ тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарауды, iрiктеудi және шешiм қабылдауды жүзеге асыру үшiн ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейiнгi мерзiмде Сараптамалық кеңес құрады және Сараптамалық кеңестiң қызметi тәртiбiн анықтайды.
14-4. Халық қатысатын бюджетi шеңберiнде келесi iс-шаралар дауыс беруге шығарылады және әкiмдiк (әкiм аппараты) iске асырады:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргiншiлер аймақтары және өзге де объектiлер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тiреуiш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлердi жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшiн жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
14-5. Тұрғындардың жобалық ұсыныстарын iске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемi:
1) жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн нысаналы трансферттердi қоспағанда, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан үшiн 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджетi шығыстарының жылдық көлемiнiң 0,5%-ынан төмен;
2) жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн нысаналы трансферттердi қоспағанда, облыстық маңызы бар қала үшiн және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшiн 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджетi шығыстарының жылдық көлемiнiң 1%-ынан төмен болмауы тиiс.
Беру кезiнде бiр жобалық ұсынысты iске асырудың шектi құны:
1) республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жиырма мың еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен;
2) облыстық маңызы бар қала үшiн және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң он мың еселенген мөлшерiнен аспауы тиiс.
14-6. Ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейiнгi мерзiмде әкiмдiк (әкiм аппараты) ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты орналастырады.
Тиiстi елдi мекендердiң тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы қаржы жылының 20 ақпанынан 10 наурызына дейiн жүзеге асырылады.
14-7. Республикалық және облыстық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен iске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
1) ортақ пайдалану объектiсi;
2) тиiстi аумақтар тұрғындары үшiн өзектiлiгi;
Бұл ретте оларды бiр қаржы жылы iшiнде iске асыру мүмкiндiгi бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.
14-8. Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзiмiнiң аяқталу қорытындысы бойынша, келiп түскен жобалық ұсыныстарды Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылындағы 25 наурызға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкiмдiк (әкiм аппараты) iске асыру құзыреттiлiгiнiң болуы мәнiне талдауды жүзеге асырады.
14-9. Iске асырылуы осы Қағидалардың 14-4, 14-5, 14-7 және 14-8-тармақтарында көрсетiлген талаптарға сәйкес келетiн жобалық ұсыныстарды әкiмдiк (әкiм аппараты) дауыс берудi өткiзу үшiн ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
Бұл ретте:
1) тұтас емес, фрагменттiк сипаты бар (элементтердiң бiрiн орындау болашақта қосымша элементтердi iске асыруды талап етедi);
2) тиiстi елдi мекеннiң даму басымдықтарына сәйкес келмейдi;
3) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды iске асыруды көздейтiн жобалық ұсыныстар дауыс беруге жiберiлмейдi.
14-10. Тиiстi елдi мекендердiң кәмелетке толған тұрғындары ағымдағы қаржы жылының 24 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс берудi жүзеге асырады.
14-11. Дауыс беру рәсiмi аяқталғаннан кейiн әкiмдiк (әкiм аппараты) дауыс беру нәтижелерiн шығарады.
Дауыс беру нәтижесi негiзiнде Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 30 сәуiрiнен кешiктiрмей тиiстi шешiм шығарады.
Бұл ретте тиiстi елдi мекендердiң 10-нан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстар iске асырылуға жiберiлмейдi.
Дауыс беру нәтижелерi мен Сараптамалық кеңестiң шешiмi әкiмдiктiң (әкiм аппаратының) интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
14-12. Сараптамалық кеңестiң шешiмi негiзiнде тиiстi республикалық және облыстық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi, қаладағы аудан әкiмiнiң аппараты өз құзыретi шегiнде жобалық ұсыныстарды iске асыруға кiрiседi.
Жобалық ұсыныстарды iске асыру жөнiндегi бюджеттiк өтiнiмдердi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi кезектi қаржы жылына бюджет заңнамасына сәйкес жасайды.
14-13. Жобалық ұсыныстарды iске асыру барысы туралы, сондай-ақ оларды iске асыру қорытындылары туралы ақпарат тоқсан сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-ы күнiнен кешiктiрiлмей әкiмдiктiң (әкiм аппаратының) интернет-ресурсында мiндеттi түрде орналастырылуға жатады.
Қоғамдастық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi және тұрғындар жобалық ұсыныстардың iске асырылу барысмен танысуға және мониторингтi жүзеге асыруға құқығы бар.
14-14. Әкiмдiк (әкiм аппараты) ресми интернет-ресурсын және бұқаралық ақпарат құралдарында жобалық ұсыныстарды iске асыру және оларды қаржыландыруға байланысты құралдарды пайдалану туралы ақпаратты жаңартады.
14-15. Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың және қаладағы аудандардың әкiмдерi халықпен кездесу барысында оларды халық қатысатын бюджеттер шеңберiнде iске асырылып жатқан жобалық ұсыныстар туралы хабардар етедi.
3-тарау. Мәслихаттың облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
15. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуы болжамының негiзiнде облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiнен кешiктiрмей аяқталады.
16. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.
17. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Кодекстiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Кодекстiң 72-бабында көзделген талаптарды ескере отырып әзiрленедi.
18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестiң отырысында облыс бюджетiнiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын талқылауды жүргiзедi.
ЗҚАИ-ның ескертпесi!
19-тармақ жаңа редакцияда көзделген — ҚР Қаржы министрiнiң 19.01.2021 № 28 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
19. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы Кодекстiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын;
2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын;
3) жергiлiктi бюджеттiң жобасында қамтылған шешiмдердi ашатын түсiндiрме жазбаны, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бөлiндiсiнде:
есептi қаржы жылындағы қол жеткiзiлген нәтижелер көрсеткiштерiнiң қысқаша сипаттамасын;
орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткiзу жолдарының сипаттамасын;
бюджеттiк бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттiк бағдарламалардың жоспарланған түпкiлiктi нәтижелерiнiң сипаттамасын;
бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк кiшi бағдарламалар бөлiнiсiнде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттiк бағдарламалардың тiкелей нәтижелерiнiң сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.
4-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу
20. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiң шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi толық көлемде, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын әзiрлейдi және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
Нәтижелерге бағалау жүргiзiлген жағдайда, аталған Қағидалардың осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Қаржы министрiнiң 12.01.2018 № 19 бұйрығымен.
21. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiң шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлiнедi.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi, оның iшiнде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге және де жергiлiктi атқарушы органның басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
кейiннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға;
макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
22. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының көлемi базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк комиссиясы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөлiнедi.
Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштерi негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде анықталады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген өңiрдiң даму басымдықтарын, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторинг нәтижелерiн, нәтижелердi бағалауды ескере отырып бөлiнуге жатады.
23. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебiнен сияқты бұған дейiнгi жоспарлы кезеңде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
24. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептер жасалмайды.
Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептер тек қана үшiншi жылға жасалады.
Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстар түрлерi бойынша есептер жоспарланған жоспарлы кезеңнiң жылдары бөлiнiсiнде жасалады және берiледi.
25. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган есептi қаржы жылындағы жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын талдаудың және аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және бюджеттiк бағдарламалардың көрсеткiштерiне қол жеткiзу тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерiн ескере отырып:
1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына, бюджеттiк бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуi тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттiк өтiнiмдердi қарау кезiнде әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстар түрлерi бойынша есептеу кезiнде бағдар ретiнде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге белгiленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;
2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткiштерiн таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткiштерiнiң аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жетiмдiлiк дәрежесi тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң функцияларына, өкiлеттiктерiне, қызметiнiң бағыттарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Қаржы министрiнiң 12.01.2018 № 19 бұйрығымен.
26. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тиiстi жоспарлы кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдерiн қарау кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган:
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттiк бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесi жоспарлы кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмде ұсынылған бюджеттiк бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттiң атқарылу нәтижелерiн, әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерiлмеуiне әкеп соқтырған себептердi;
2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi өтiнiм берген шығыстарды олардың негiздiлiгi тұрғысынан қарау бөлiгiнде өткен қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттiң атқарылуы туралы есебiне облыстардың тексеру комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескередi;
3) мемлекеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттiк инвестицияларды iске асырудан экономикалық және әлеуметтiк қайтарымдылықтың ұзақ мерзiмдi көрсеткiштерiн ескере отырып, мониторингiлеу мен бағалау нәтижелерi ескерiледi;
4) нысаналы даму трансферттерi бойынша бюджеттiк бағдарламалардың жобаларында көзделген жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың нәтижелерiне қол жеткiзiлуiн талдауды нысаналы даму трансферттерi бойынша ескередi.
Бюджеттiк өтiнiм оның жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган, оны қарамастан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Қаржы министрiнiң 12.01.2018 № 19 бұйрығымен.
27. Қайтарылған жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдердi пысықтайды және оларды қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк өтiнiмдердi, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келiп түскен күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк өтiнiмдер және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жiбередi.
28. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы осы Қағидалардың 25 және 27-тармақтарында көрсетiлген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.
29. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде пысықталған бюджеттiк өтiнiмдердi, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
5-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
30. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы негiзiнде жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiң жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiң жобасын қарау және анықтау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей аяқталады.
31. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттiң жобасы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстары негiзiнде жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.
32. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Кодекстiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Кодекстiң 73-бабында көзделген талаптар ескерiле отырып әзiрленедi.
33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiгi аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттiң жобасын "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңестiң отырысында талқылауды жүргiзедi.
34. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетiнiң жобасын жергiлiктi атқарушы орган Кодекстiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын;
2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын;
3) жергiлiктi бюджеттiң жобасында қамтылған шешiмдердi ашатын түсiндiрме жазбаны, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бөлiндiсiнде:
есептi қаржы жылындағы қол жеткiзiлген нәтижелер көрсеткiштерiнiң қысқаша сипаттамасын;
орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткiзу жолдарының сипаттамасын;
бюджеттiк бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттiк бағдарламалардың жоспарланған түпкiлiктi нәтижелерiнiң сипаттамасын;
бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк кiшi бағдарламалар бөлiнiсiнде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттiк бағдарламалардың тiкелей нәтижелерiнiң сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.
6-тарау. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу
35. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кент, ауылдық округтiң бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi — бюджеттiк өтiнiмдерiнiң, бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын әзiрлейдi және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
Нәтижелерге бағалау жүргiзiлген жағдайда, осы Қағидалардың аталған тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
36. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджет шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлiнедi.
Базалық шығыстар — тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға арналған шығыстар болып табылады.
Тұрақты сипаттағы шығыстар — мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындау мен мемлекеттiк қызметтер көрсетуге және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
кейiннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға;
макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
37. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджет шығыстарының көлемi базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөледi.
Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде айқындалады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген өңiрдi дамыту басымдықтарын, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторинг нәтижелерiн, нәтижелердi бағалауды ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөлуге жатады.
38. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарын жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебiнен, сол сияқты бұдан алдыңғы жоспарлы кезеңде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетi туралы аудан мәслихатының шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
39. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұдан алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетi туралы аудан мәслихатының шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептер жасалмайды.
Осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептер үшiншi жылға ғана жасалады.
Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұдан алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетi туралы аудан мәслихатының шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептер жасалады және жоспарланған жоспарлы кезеңнiң жылдары бөлiнiсiнде ұсынылады.
40. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi қаржы жылында аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетiнiң атқарылуын талдаудың және аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және бюджеттiк бағдарламалардың көрсеткiштерiне қол жеткiзу тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерiн ескере отырып:
1) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына, бюджеттiк бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды, бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге белгiленген бағалар дерекқоры бюджеттiк өтiнiмдердi қарау кезiнде әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстар түрлерi бойынша есептеу кезiнде бағдар ретiнде пайдаланылады;
2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын нәтижелер көрсеткiштерiн таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткiштерiнiң аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланысы болуы, нәтижелердiң көрсеткiштерiне қол жетiмдiлiк дәрежесi тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қызметiнiң функцияларына, өкiлеттiктерiне, бағыттарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
Ескерту. 40-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Қаржы министрiнiң 12.01.2018 № 19 бұйрығымен.
41. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тиiстi жоспарлы кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдерiн қарау кезiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы:
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттiк бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесi жоспарлы кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмде ұсынылған бюджеттiк бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң өткен қаржы жылындағы бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн, әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатын игермеуге әкеп соқтырған себептердi;
2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi өтiнiм берген шығыстарды олардың негiздiлiгi тұрғысынан қарау бөлiгiнде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң өткен қаржы жылындағы бюджетiнiң атқарылуы туралы есебiне облыстардың тексеру комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескередi;
3) мемлекеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттiк инвестицияларды iске асырудан экономикалық және әлеуметтiк қайтарымдылықтың ұзақ мерзiмдi көрсеткiштерiн ескере отырып, мониторинг пен бағалау нәтижелерi ескерiледi.
Бюджеттiк өтiнiм оның жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне оны қарамастан қайтарады.
42. Қайтарылған жағдайда, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдерiн пысықтайды және оларды қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн, бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша олар келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк өтiнiмдер, бюджеттiк бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жiбередi.
43. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы арасындағы келiспеушiлiктердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы осы Қағидалардың 40 және 42-тармақтарында көрсетiлген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.
44. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi пысықталған бюджеттiк өтiнiмдерiн, бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде ұсынады.
7-тарау. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
45. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiнiң аппараты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетiнiң жобасын жасайды және оны жергiлiктi қоғамдастық жиналысымен келiскеннен кейiн ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органының қарауына ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерiнiң жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерiнiң жобаларын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей аяқталады.
46. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Кодекстiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Кодекстiң 73-1-бабында көзделген талаптар ескерiле отырып әзiрленедi.
47. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiнiң аппараты аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет комиссиясы мақұлдаған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетiнiң жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешiктiрмей жергiлiктi қоғамдастық жиналысының қарауына ұсынады.
48. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерiнiң жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына Кодекстiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы қаржы жылының 10 қарашасынан кешiктiрмей енгiзедi.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетiнiң жобаларымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын;
2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын;
3) жергiлiктi бюджеттiң жобасында қамтылған шешiмдердi ашатын түсiндiрме жазбаны, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бөлiнiсiнде:
есептi қаржы жылындағы қол жеткiзiлген нәтиже көрсеткiштерiнiң қысқаша сипаттамасын;
орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткiзу жолдарының сипаттамасын;
бюджеттiк бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттiк бағдарламалардың жоспарланған түпкiлiктi нәтижелерiнiң сипаттамасын;
бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк кiшi бағдарламалар бөлiнiсiнде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттiк бағдарламалардың тiкелей нәтижелерiнiң сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК