|
Қазақстан Республикасы |
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1) алқаптың кадастрлық нөмірі – көпжылдық екпелері бар учаскеге арналған, оның орналасқан жерін айқындау (сәйкестендіру) үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесі беретін бірегей код;
2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары – гетерозис нәтижесінде ең үздік ата-енелік нысаннан шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша асып түсетін бірінші ұрпақта будандық өсімдік беретін генетикалық айырмашылығы бар ата-енелік нысандарды будандастырудан алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, күнбағыс, мақта немесе құмай тұқымдары;
3) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;
4) көпжылдық екпелердің электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған деректерді қамтитын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан алқап туралы ақпарат;
5) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
7) пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) отандық өндіруші (бұдан әрі – пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндіруші) – Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндіруді жүзеге асыратын және биоагенттерді (энтомофагтарды) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген пестицидтерді өткізуді жүзеге асыратын арнайы жарақтандырылған өндірістік үй-жайлары, биозертханалары, биофабрикалары бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
8) өтінімдер:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) басым дақылдар өндiру шығындарын ішінара өтеу үшін;
бірегей тұқым өндіруші (бұдан әрі – оригинатор) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарынан алынған көшет материалын (телітушілер, жертаған жапырақтар, балақ шыбықтар және қалемшелер) өндіруге жұмсалған шығындарды ішінара өтеу үшін
элиталық тұқым өсіру шаруашылығының (бұдан әрі – элиттұқымшар) нақты сатып алыған бірегей тұқымдары үшін;
тұқым өсіру шаруашылығының (бұдан әрі – тұқымшар), ауылшартауарөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшін;
ауылшартауарөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің нақты сатып алынған бірінші репродукция тұқымдары, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары, мақтаның екінші репродукция тұқымдары және (немесе) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері (бұдан әрі – элиталық көшеттер) үшін;
ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін;
ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің толық құнымен сатып алынған пестицидтері, биоагенттер (энтомофагтар) үшін субсидия алуға арналған электрондық өтінімдері;
9) өтпелі өтінімдер:
элиттұқымшардың, тұқымшардың немесе тұқым өткізушінің (бұдан әрі – өткізуші) ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі арзандатылған құнмен сатып алған субсидияланатын тұқымдар үшін;
тыңайтқыштар өндірушінің ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құны бойынша сатып алған тыңайтқыштар үшін;
пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндірушінің ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) үшін субсидия алуға арналған электрондық өтінімдері;
10) пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) жеткізуші – биоагенттерді (энтомофагтарды) және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркелген инсектицидтер, фунгицидтер, гербицидтер мен биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды) және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
11) пестицидтердің, биоагенттердiң (энтофагтардың) ең төменгі құны – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) баға ұсыныстарын талдау жолымен айқындайтын Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) ең төменгі бағасы, сондай-ақ субсидия нормасын белгілеу үшін мемлекеттік органдардан алынған ақпарат;
12) пестицидтерді қолдану регламентi – пестицидтердi қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;
13) отандық тыңайтқыштарды өндіруші (бұдан әрі – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндіруді жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
14) субсидияланатын тұқымдар – бірегей тұқымдар, элиталық тұқымдар, бірінші репродукция тұқымдары, екінші репродукциялы мақта тұқымдары, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары немесе элиталық көшеттер;
15) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
16) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге арналған, "электрондық үкіметтің" веб-порталы мен аграрлық ахуалдық орталықпен өзара іс-қимыл жасасуға мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылған-реттелген жиынтығы;
17) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіруге мүмкіндік беретін Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурс;
18) танаптың кадастрлық нөмірі – танаптың орналасқан жерін анықтауға (идентификациялауға) арналған субсидиялаудың ақпараттық жүйесі беретін оның бірегей коды;
19) танаптың электрондық картасы – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан, бұрылыс нүктелерінің координаттарын, соңғы бес жылдағы ауыспалы егіс жайлы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтаудың спутниктерінен алынған деректерді қамтитын танап туралы ақпарат;
20) тыңайтқыштарды жеткізуші – тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын, оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
21) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштар өндіруші;
22) тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны – тыңайтқыштарға субсидия нормаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу жолымен ЖАО айқындайтын, тиісті жылға арналған тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың ең төмен нарықтық құны;
23) шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті;
24) электрондық агрохимиялық картограмма – танап топырағының өсімдіктер үшін сіңімді қоректік элементтермен – қарашірікпен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз етілуі дәрежесін түсті бейнеде көрсететін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі немесе сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес топырақтың агрохимиялық талдауларын жүргізуге аккредиттелген зертхана (орталық) берген картографиялық ақпарат;
25) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
26) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
1) басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық көшеттер өндiруді дамыту;
2) тұқым шаруашылығын дамыту;
3) тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандату;
4) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын арзандату.
1) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша субсидиялар көлемдері;
2) басым дақылдардың тiзбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары;
3) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормалары);
4) субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар тізбесі мен нормалары).
Бұл ретте, бұрын қабылданған ЖАО-ның 2020 жылға арналған қаулылары осы Қағидаларды іске асыруға арналған ЖАО қаулылары қабылдағанға дейін қолданыста болады.
Өтінім берілген субсидиялар көлемі тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан асып кеткен жағдайда, жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді.
ЖАО Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес субсидия алу сатысы туралы дерекетерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингтің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
1) оригинатордың, элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткізушінің, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) субсидиялар алу үшін ұсынылған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) оригинатордың, элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткізушінің, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген субсидиялар алу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші туындаған істен шығуды жою жөніндегі жұмысты жүргізгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған ЖАО қол қояды.
2-бөлім. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау тәртібі
1-тарау. Басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау
1-параграф. Негізгі ережелер
Тізбені, субсидиялар көлемі мен нормаларын Министрлікке мақұлдауға берген кезде, субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін (ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттелген және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдармен келісілген әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелері), сондай-ақ тізбенің, субсидиялар көлемі мен нормаларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кәсіпкерлер палатасымен және қоғамдық кеңесімен келісілгенін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Министрлік оң шешім шығарған жағдайда, он жұмыс күні ішінде тізбені, субсидиялар көлемі мен нормаларын тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады немесе теріс шешім шығарған жағдайда, тізбені, субсидиялар көлемі мен нормаларын пысықтауға жолдайды. ЖАО-ның пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
Тізбе, субсидиялар көлемі мен нормалары ЖАО-ның қаулысымен тиісті жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде және тиісті ЖАО-ның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тізбеге, субсидиялар көлемі мен нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші-төртінші бөлімдерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте, субсидиялау көлемі азайтылған жағдайда, ЖАО негіздеме бере отырып, Министрлікке мақұлдауға жолдайды.
2-параграф. Субсидия алушылар
ағымдағы жылы дәндік жүгеріні және қант қызылшасын өндіруге жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге;
қант қызылшасы бойынша – өткен жылғы желтоқсанда тапсырылған өнім шығындарын ішінара өтеуге;
дәндік жүгері, күріш және мақта бойынша 2019 жылғы төртінші тоқсанда өткізілген (тапсырылған) өнім шығындарын ішінара өтеуге бөлінеді.
3-параграф. Субсидияларды алу шарттары
1) ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға өтінім беруі;
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Ақпараттандыру туралы заң) 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген және ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі.
Ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоты болса, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді өз бетінше тіркеуді жүзеге асырады, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып есептеледі.
3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің шекаралары шегінде орналасқан танаптарда басым ауыл шаруашылығы дақылдарының себілген, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған құқығы (жер пайдалану немесе жеке меншік) болуы;
Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидия алуына өтінім береді. Бұл ретте, ауылшартауарынөндірушілер субсидия алушылар болып табылады.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген ауылшаркооперативі мынадай жағдайларда субсидия алуға өтінім бере алады:
өнімді өңдеуге ауылшаркооперативінің мүшелері тапсырған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативі мүшелері субсидия алушылар болып табылады;
өнімді өңдеуге ауылшаркооперативі тапсырған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативі субсидия алушы болып табылады.
Бұл ретте, ауылшаркооперативіне мүшелік ауылшаркооперативі мүшелері жалпы жиналысының ауылшаркооперативі мүшелігіне қабылдау туралы шешімінен алынған үзіндінің электрондық көшірмесін өтінімге тіркеу жолымен расталады.
Бірлескен кәсіпкерлік түрінде ұйымдасқан, мүшелеріне жер учаскелері тіркелген шаруа немесе фермерлік қожалықтар, өнімді өңдеуге шаруа немесе фермерлік қожалықтар тапсырған жағдайда, субсидияға өтінім бере алады, бұл ретте шаруа және фермерлік қожалық субсидия алушы болып табылады.
Шаруа немесе фермерлік қожалыққа мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстырып-тексеру жолымен расталады.
5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде танаптардың электрондық карталарының қалыптастырылуы;
6) жерді қашықтықтан зондтау деректерімен расталған (басым дақылдарды себу жүзеге асырылған электрондық танаптар бойынша) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауыспалы егіс туралы мәліметтердің болуы;
7) дәндік жүгері бойынша – өңдеуші кәсіпорынға өңдеуге тапсырылған дәндік жүгерінің 1 тоннасына 100%;
8) күріш бойынша – өңдеуші кәсіпорынға өңдеуге тапсырылған не өзінің өңдеуші құрылымдарына өңдеуге берілген күріштің 1 тоннасына 100%;
9) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша – қант зауытына өңдеуге тапсырылған не өзінің өңдеуші кәсіпорындарына өңдеуге берілген қант қызылшасының 1 тоннасына 100 %;
10) мақта бойынша – мақта өңдеу зауытына өңдеуге тапсырылған не мақта өңдеу зауытына өңдеуге тапсыруды жүзеге асыратын мақта дайындаушы ұйымдарға өткізілген шитті мақтаның 1 тоннасына 100%;
11) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) басым дақылдарды өткізу фактісін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде растауы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде қант қызылшасын өндіруді өздігінен жүзеге асыратын және аталған өнімді өңдеуді өздігінен жүзеге асыратын қант зауыттары үшін өткізу фактісін растау талап етілмейді.
Шикізатты өңдеуге берген күріш тапсырушылар үшін өткізу фактісін растау талап етілмейді. Бұл жағдайда, өңдеуші кәсіпорынның көрсетілген қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжаттарды беру растау болып табылады.
Бұл ретте, субсидиялар алуға пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
өңдеуші кәсіпорынмен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы және мақта дайындаушы ұйыммен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін өткізу туралы шарттардың;
ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) мен өңдеуші кәсіпорын не ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) мен мақта дайындаушы ұйым арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын құжаттардың және (немесе) өңдеуші кәсіпорынның шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының;
ауыл шаруашылығы өнімін өзінің өңдеуші кәсіпорындарында өңдеген кезде өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын, олардың басшылары қол қойған құжаттың бар-жоғына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
4-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі
С = З х Нс, мұндағы:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
З – өңдеуге өткізілген (тапсырылған) ауыл шаруашылығы өнімінің расталған көлемі, тонна;
Нс – қосылған құн салығынсыз субсидиялар нормасы, теңге.
5-параграф. Субсидиялар төлеу тәртібі
1) ауылшартауарынөндірушілерде (ауылшаркооперативтерінде) ЭЦҚ болуы тиіс;
2) Басқарма, Министрлік жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жібереді.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік Министрлікке онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.
1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) заңды тұлғалар және және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі ( бұдан әрі - БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі және ЖСН;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректері.
Жоғарыда көрсетілген деректерді өзгерткен кезде ауылшартауарынөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі бір жұмыс күн ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
1) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген талаптарды субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеруге қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) ЭЦҚ-сымен қол қою жолымен тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жолданады.
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің отырғызу материалын өндіруге жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар алуға өтінім беру.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара іс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
2) оригинатор берген өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;
3) оригинатордың субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы;
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен ЭШФ АЖ-ның ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде нақты өткізілген отырғызу материалы үшін оригинатордың жұмсалған шығындарын растау.
Бұл ретте субсидия алу үшін электрондық шот-фактураларды кері қайтаруға, жоюға және түзетуге жол берілмейді;
5) оригинаторда субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
Шаруа немесе фермер қожалығы нысанында құрылған, жер учаскелері мүшелерінің атына тіркелген оригинатор өтінім берген жағдайда, жер учаскелерінің бар екенін жер учаскелеріне арналған құқық белгілеу және сәйкестендіру құжаттарымен растауға жол беріледі, олардың сканерленген электрондық көшірмелері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырылады;
6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көпжылдық екпелердің электрондық карталарын тіркеу.
С = М х Н
мұнда:
C – субсидия мөлшері, теңге;
М – өткізілген отырғызу материалының саны, дана;
Н – осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің отырғызу материалын өндіруге арналған субсидиялар нормативі (бұдан әрі – субсидиялар нормативі), теңге.
Бұл ретте есептеу үшін нақты өткізу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.
Отырғызу материалдың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген субсидиялар көлемдерін есепке ала отырып олардың нақты құнынан жүргізіледі.
Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.
1) оригинаторлар ЭЦҚ-сы болуы тиіс;
2) Басқарма және Министрлік көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге жыл сайын ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жолдайды.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік Министрлікке онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.
1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН, аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: БСН (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН-сы, толық атауы, бірінші басшысының немесе Жеке кабинетте тіркеуге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН-сы;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, оригинатор бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
1) осы Қағидалардың 27-тармағы 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оригинатордың ЭЦҚ-сымен қол қою арқылы тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында оригинатордың Жеке кабинетіне жіберіледі
|
Өсімдік шаруашылығы өнімінің |
"Басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
3 (үш) жұмыс күні. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған). |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы порталға электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында: |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" және бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады. |
|
Өсімдік шаруашылығы өнімінің |
|
|
|
Нысан |
Басым дақылдар өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім
(облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы
органының толық атауы)
кімнен ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
осымен басым дақылдар өндіруге субсидия бөлуді сұрайды:
|
Р/с № |
Дақыл |
Көлемі, тонна |
Танаптың кадастрлық нөмірі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
Заңды тұлға үшін:
Атауы _________________________________________________________
БСН___________________________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________
мекенжайы:_____________________________________________________
телефон (факс)
нөмірі:_________________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________________
ЖСН_______________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ______________________________________________________________
кім берді ____________________________________________________________
берілген күні _________________________________________________________
мекенжайы:__________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:________________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:
орналасқан жері _________________________________________________
хабардар етілген күн _____________________________________________
|
Р/с № |
Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы |
Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің |
|
1 |
2 |
3 |
|
Р/с № |
кадастрлық нөмірі |
барлық алаңы, гектар |
оның ішінде егістік |
нысаналы мақсаты |
жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
ЖСН/БСН ______________________________________________________
Банктің деректемелері: ____________________________________________
Банктің атауы:___________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
ЖСК ___________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
Кбе____________________________________________________________
нөмірі _________________________________________________________
салыстырып тексеру актісі _________________________________________
өнім көлемі, тоннамен _________________________________________-___
нөмірі__________________________________________________________
салыстырып тексеру актісі_____________________________________________
өнім көлемі, тоннамен ____________________________________________
нөмірі және берілген күні ___________________________________________
өңдеуші кәсіпорын атауы ___________________________________________
өңдеуші кәсіпорын орналасқан жердің мекенжайы ______________________
нөмірі _________________________________________________________
берілген күні ___________________________________________________
өнім көлемі, тоннамен ____________________________________________
Ескертпе:
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпараттарды жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Өтінім беруші 20______ жылғы "____" ___________ сағат ____ қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Өтінім қарауға 20____ жылғы "____" ________ сағат ______ қабылданды:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Кбе – бенефициар коды;